Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1116 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның әкімшісіне Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін.
3. Бағдарлама әкімшісі:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ы күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін;
2) жұртшылықтың қатысуымен онлайн режимде "Сұрақ - жауап" форматында тоқсан сайынғы негізде брифинг өткізсін;
3) орындалмау тәуекелі бар объектілер болған жағдайда, оларға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарты жылда бір рет барсын;
4) Бағдарламаны іске асырудан алынған оң нәтижелері туралы әлеуметтік желілер арқылы халыққа сұраунама жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
|
1. |
Бағдарлама атауы |
Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы |
|||||||||||||||||||||
|
2 |
Әзірлеу үшін негіздеме |
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары. |
|||||||||||||||||||||
|
3 |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|||||||||||||||||||||
|
4 |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары |
|||||||||||||||||||||
|
5 |
Бағдарламаның мақсаты |
Тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, технологиялық және институционалдық ортаны жетілдіру арқылы экономикалық өсуге және ел халқының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу |
|||||||||||||||||||||
|
6 |
Міндеттер |
1. Аумақтарды және олардың арасындағы көліктік байланыстарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету. |
|||||||||||||||||||||
|
7 |
Іске асыру мерзімі |
Бағдарламаны іске асыру алты жыл ішінде 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін жоспарланып отыр. |
|||||||||||||||||||||
|
8 |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу жоспарлануда: |
|||||||||||||||||||||
|
9 |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Бағдарламаның іс-шаралары мен жобаларын іске асыруды қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сондай-ақ 5 559 439 млн. теңге жалпы индикативтік сомада жеке инвестициялар көзделді, оның ішінде:
|
2. Кіріспе
Көлік саласының қызметтері шикізат пен ресурстарды өндіру мен өңдеуден бастап дайын өнімді оның соңғы тұтынушысына, оның ішінде сыртқы нарықтарға жеткізгенге дейін өнімді өндіру мен тұтынудың әрбір дерлік кезеңінде қажет.
Көлік қосылған құн тізбегін және өндірістік шығындарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады және осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және жалпы мемлекет экономикасына елеулі әсер етеді. Бұл ретте көлік саласының жұмыс істеуі халық пен бизнесті жалпыға ортақ пайдаланылатын тиімді және жеткілікті көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етпей мүмкін емес, бұл мемлекеттің тікелей міндеті мен функциясы болып табылады.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - "Бағдарлама") Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 633 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 60-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - ИИДМ) әзірлеген кешенді салааралық бағдарламалық құжат болып табылады.
Бағдарламаны әзірлеу Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен басымдықтарымен байланыстырыла отырып орындалған және тиімді, бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, сондай-ақ көлік-коммуникация кешені жұмыс істеуінің технологиялық және институционалдық ортасын жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасы халқының одан әрі экономикалық дамуына және тұрмыс деңгейін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.
Бағдарлама жалпы алғанда көліктік-инфрақұрылымдық кешен салаларының алдында тұрған өзекті міндеттерді шешу арқылы мемлекеттің стратегиялық даму бағытын іске асыруға ықпал ететін болады. Сондай-ақ Бағдарлама инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын1 іске асырудың қол жеткізілген оң нәтижелерін орнықтыра түсіп, оны іске асыру аясында бастамашылық жасалған көлік саласының ауыспалы инфрақұрылымдық жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Жалпы көрсеткіштер және факторлық талдау
Көлік саласы Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі болып табылады, оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі 2017 жылы 7,4 %-ды құрады, бұл ретте көлік қызметтерінің жалпы қосылған құны жылдық мәнде іс жүзінде 4 трлн. теңгеге дейін жетті.
Соңғы 10 жылда көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүктердің көлемі 2007 жылы 2,1 млрд. тоннадан 2018 жылы 4,1 млрд. тоннаға дейін 1,9 есеге өсті. Жүк айналымы осыған ұқсас кезеңде жыл сайын орташа есеппен 5,3 %-ға ұлғая отырып, 350 453,6 млн. ткм-дан 609 533,2 млн. ткм-ға дейін 1,7 есеге өсті.
Жолаушылар тасымалының өсуі 2009 жылы 11 807 млн. адамнан 2018 жылы 23 013 млн. адамға дейін 1,9 есені құрады. Осы кезеңдегі жолаушылар айналымы 130 834 млн. ткм-дан 281 484,1 млн. ткм-ға дейін 2,2 есеге өсті.
Халық пен бизнес тарапынан байқалатын көлік қызметтеріне сұраныстың тұрақты өсу үрдісі Қазақстан Республикасының дамуындағы көлік саласының маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлін көрсетеді.
Өз кезегінде, бәсекеге қабілетті көлік саласын дамыту, әдетте, ірі трансұлттық ойыншылар мен біршама дамыған экономикалар ұсынатын көптеген сыртқы және ішкі факторлар жиынтығымен айқындалады.
Қазақстанның көлік саласының жұмыс істеуі мен дамуына әсер ететін сыртқы ортаның саяси (P), экономикалық (E), әлеуметтік (S), технологиялық (T), экологиялық (E) және құқықтық (L) аспектілерін анықтау үшін осы Бағдарламада нәтижелері тұтастай алғанда көлік саласын және атап айтқанда көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарын айқындау кезінде назарға алынған PESTEL - талдау қолданылды.
Қаралған факторлар топтары және олардың әсерін бағалау төмендегі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Қазақстанның көлік саласының PESTEL-талдауы
|
Факторлар топтары |
Әсері |
|
|
(P) - саяси |
1. Өңірлік интеграция және жаңа үкіметаралық келісімдерге қосылу |
Бұдан арғы өңірлік интеграция Қазақстанның көлік жүйесінің өткізу қабілеті мен сервистік деңгейін арттыруды талап ете отырып, жүк легінің өсуіне ықпал ететін болады |
|
2. Халықаралық сауда соғысы |
Энергия тасығыштар бағаларының күрт ауытқуы ұлттық валютаның жоғары құбылмалылығына және Қазақстанның көлік жүйесінің қызметтеріне сұраныс көлеміндегі елеулі ауытқуларға себеп болады, бұл бизнес-ортаның және көлік нарығының көптеген ірі ойыншыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығына әкеп соғады. |
|
|
3. Азия мен Еуропа арасындағы сауданың өсуі |
Азия-Еуропа өңірлік көлік дәлізіндегі маңызды буын болып табылатын Қазақстанның көлік жүйесі үшін бұл фактор бір мезгілде сын-қатерлерді де, транзиттік жүк легін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін де білдіреді. |
|
|
(E) - экономикалық |
4. Электрондық коммерцияның одан әрі өсуі |
Интернет және электрондық гаджеттердің жаппай қолжетімділігі арқасында көлік және логистика саласындағы коммерциялық мәмілелердің айтарлықтай үлесі электрондық форматта жасалатын және орындалатын болады. |
|
5.Мегакорпорациялар мен трансұлттық көлік-логистикалық компанияларды дамыту |
Көлік-логистикалық қызметтер нарығындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік ойыншылардың экономикалық тиімділігі мен бағалық бәсекеге қабілеттілігіне жаңа талаптар қояды, бұл өз кезегінде ұсақ ойыншыларды қамти отырып, біршама ірі ойыншыларды біріктіру жолымен "ауқымы экономикасының" одан әрі дамуына ықпал етеді. |
|
|
6 Нарықты материалдық-техникалық базаны бірлесіп пайдалану жағына ауыстыру |
Бизнестің тиімділігін арттыру және қызметтің бейінді емес бағыттарына қатысуды төмендету мақсатында көлік-логистикалық компаниялар қойма алаңдарын, терминалдарды, сондай-ақ жылжымалы құрамды жалға алу және операциялық лизинг тетіктері негізінде бірлесіп пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтетін болады. |
|
|
7 Энергия тасығыштарға бағалардың күрделі болжамы |
"Жасыл технологияларды" қарқынды енгізу және мұнай өнімдерін тұтынудың төмендеуі энергия тасығыштарға және олардан құрылатын ресурстар мен материалдарға сұраныс пен ұсыныс көлемі мен құрылымына елеулі өзгерістер енгізеді, бұл бағалар мен валюта бағамдарының болжамсыз ауытқуына алып келеді. |
|
|
8 Тұтынушылардың мінез-құлықтарындағы және күтулеріндегі өзгерістер |
Тұтынушылардың жүк жеткізілуі мен сапарлардың сенімділігі мен жылдамдығына қатысты өсіп келе жатқан күтулері көлік-логистикалық компаниялар үшін де, көлік инфрақұрылымының меншік иелері үшін де жаңа сын-қатерлер туғызады. Ұлттық ауқымда бұл болжамдарға сәйкес келмеу экономика үшін көлік шығындарының өсуіне және халық арасындағы әлеуметтік шиеленіске әкеп соғады. Халықаралық аспектіде мұндай сәйкессіздік, сөзсіз, транзиттік жүк легінің жылыстауына және елдің көлік жүйесінің өңірлік бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. |
|
|
(S) - әлеуметтік |
9 Ерекше қажеттіліктері бар халықтың өсуі |
Өмір сүру ұзақтығының өсуімен ересек халықтың үлесі, оның ішінде мамандандырылған көлік қызметін көрсетуді қажет ететін дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны (осы санаттағы азаматтар әртүрлі жастағы адамдарды қамтиды) ұлғаюда. Бұл арнайы көлік жолдары мен технологияларын қолдану аясын кеңейтуді талап етеді. |
|
10 Білікті кадрлардың тапшылығы |
Көлік саласының ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық салаларында бірқатар жаңа құзыреттер бойынша білім беру бағдарламаларының жоқтығымен қатар мамандандырылған кадрлардың тапшылығы еңбек өнімділігін арттыру және цифрлық инновацияларды енгізу үшін тежеуші фактор болып табылады. |
|
|
11 Көліктік терроризм |
Орталық Азия конгломератының шекараларына жақындауы байқалып отырған өңірлік террористік белсенділік әлеуетті террористік шабуылдар үшін аса осал сала болып табылатын көлік-логистикалық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін тұрақты жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Сондай-ақ террорға қарсы міндеттерді шешу кезінде жедел және озыңқы ден қоюды қамтамасыз ететін жергілікті инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі бар. |
|
|
12 Ғылым мен техниканың озық жетістіктерін кеңінен енгізу үшін технологиялық базаны дамыту |
Қазіргі заманғы технологиялық базаның жаппай таралуы көлік-логистикалық кешеннің қызметін қамтамасыз ету үшін ультра инновациялық шешімдерді енгізудің қарқынды өсуіне себепші болады. Алдыңғы қатарға жеткізілімдер тізбегін оңтайландыру үшін жасанды интеллекті пайдалану, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін "үлкен деректерді" талдауды пайдалану, "заттар интернеті" негізінде процестік-оңтайландырылған технологиялардың экожүйесін құру, электромобильді қалалық логистиканың және жалпы көлік жүйесінің маңызды бөлігі ретінде қалыптастыру, пилотсыз көлік сияқты қазіргі заманғы көлік технологияларын енгізу және жөнелтілімдерді мекенжайға жеткізу үшін дрондарды пайдалану сияқты инновациялар шығады. |
|
|
(T) - технологиялық |
13 Логистикалық инфрақұрылымға сұраныстың өсуі |
"Бір белдеу - бір жол" атты бастама шеңберінде Орталық Азия республикаларының, оның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін "Қытай - Еуропа" халықаралық сауда бағыты бойында логистикалық инфрақұрылымды дамытуға сұраныстың одан әрі өсуі болжануда. Бәсекелес ойыншылар тарапынан өңірлік көлік-логистикалық хабтар салу және қолданыстағы жаңа өңірлік көлік-логистикалық хабтарды дамыту процесі жеделдетіледі. |
|
14 Жасыл технологияға көшу |
Парникті газдардың шығуына шектеулерді қатаңдату және жаппай енгізу арқылы жасыл технологияларға көшудің жаһандық үрдісі көлік-логистикалық кешеннің сөзсіз экологиялық-достық және қауіпсіз шешімдер мен технологияларды ("жасыл логистика") пайдалануға көшуін негіздей отырып, арта түсетін болады. Бұл ретте қолданыстағы технологияларға бірте-бірте тыйым салынады және жаңасына мәжбүрлі ауыстырылатын болады. |
|
|
(E) - экологиялық |
15 Климаттың жаһандық өзгеруі |
Ауа райының жаһандық өзгеруі Жердің әртүрлі өңірлерінде, оның ішінде Қазақстанда тарихи қалыптасқан ауа райы жағдайының өзгеруіне алып келеді. Бұл үрдіс күшейе түседі, бұл көліктің әртүрлі салалары үшін әдеттегі пайдалану жағдайларының өзгеруіне әкеледі және ауа райы жағдайлары бойынша тұрақты графиктер мен жеткізу тізбектерінде іркіліс тудыруы мүмкін. |
|
16 Табиғи ресурстар қорының сарқылуы |
Осы фактордың әсері көлік құралдарын, компоненттерді, жабдықтарды, құрылыс материалдарын, отынды және т.б. өндіру кезінде пайдаланылатын әдеттегі табиғи ресурстарға қолжетімділіктің қысқаруынан көрінеді, бұл сөзсіз осындай ресурстарға нарықтық бағаның өсуіне алып келеді және қайталама пайдалану (рециклдеу) мақсаттары үшін материалдарды кәдеге жарату мен қайта өңдеуге жаппай көшу қажеттілігін тудырады. |
|
|
(L) - құқықтық |
17 Заңнаманың шектейтін әсері |
Дербес деректерге қол жеткізуге негізделген жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды енгізу (мысалы, мобильді байланыс операторларының деректері негізінде жүк легін қадағалау және болжау), дербес деректерді қорғау туралы заңнама қоятын шектеулерге тап болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда Қазақстан азаматтарының кепілді құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, ұлттық деңгейде түзету шараларын әзірлей отырып, игіліктер мен қатерлерді бағалау қажет. |
Орындалған PESTEL-талдаудың нәтижесінде мына тұжырымдар жасауға болады (тұжырымдардың нөмірленуі жоғарыда 1-кестеде қаралған факторлардың нөмірленуіне сәйкес келеді):
1) Қазақстанның еркін сауда туралы үкіметаралық келісімдерге қосылуы ішкі заңнаманы уақтылы бейімдеуді және үйлестіруді, сондай-ақ инфрақұрылымның технологиялық деңгейін осындай келісімдердің талаптарына сәйкес келтіруді талап етеді.
2) Қазақстандық көлік саласының жаһандық және өңірлік сауда соғыстарына тәуелділігін төмендету қызметтің сервистік бағыттарын нақты әртараптандыруды және жекелеген операторлардың да, тұтастай алғанда саланың да тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша елеулі күш-жігерді талап етеді.
3) "Еуропа-Азия" бағыты бойынша транзиттің жалпы көлеміндегі Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағынының үлесі сауда көлемінің өсуіне кем дегенде тепе-тең өсуі, ал оңтайлы сценарий ретінде оны басып озуы үшін ішкі рәсімдерді тұрақты оңайлатумен және сауда мен транзит үшін физикалық емес кедергілерді жоюмен қатар озық даму режимінде техникалық жеткілікті, технологиялық жарақтандырылған және сервистік-бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру қажет.
4) Электрондық коммерцияның қарқынды дамуы Қазақстанның көлік саласынан электрондық транзакциялардың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету және осы көрсетілетін қызметтің неғұрлым белсенді және технологиялық жағынан дамыған тұтынушыларының да үміттерін қанағаттандыру үшін технологиялардың озық дамуын талап етеді.
5) Әлемдік мегакорпорациялар мен трансұлттық көлік-логистикалық компаниялар тарапынан бәсекелестік қысым жағдайында қазақстандық компанияларды қолдау институционалдық реформалар түрінде мемлекеттік қолдауды және жұмыс істеуі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды, заңнамалық және рәсімдік кедергілерді, оның ішінде реттеушілік шектеулерді алып тастауды, трансшекаралық және трансконтинентальдық интеграциялық процестер шеңберінде ұлттық операторлардың мүдделерін қолдаумен қатар нысаналы субсидиялар, дотациялар мен т.б. бөлуді талап етеді.
6) Нарықтың оған қатысушылардың материалдық-техникалық базасын бірлесіп пайдалану жағына ауысуы қазақстандық операторларға бәсекелес қысымның қосымша факторы болып табылады. Көрсетілетін қызметтердің осы сегментіне деген сұраныс жаңа тиімді схемалардың туындауына алып келеді, оларға толыққанды қатысу үшін отандық компанияларға тез бейімделу мүмкіндігі талап етіледі. Мемлекеттің міндеті бизнеске құқықтық, институционалдық және қаржылық икемділікті ұсыну болып табылады.
7) Мұнай экономикасы бола отырып, Қазақстанда көрсетілетін қызметтерді әртараптандыруды ынталандыру және елде отын мен материалдардың дәстүрлі түрлерінен алшақтау салдарынан пайда болатын салаларда трендтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысу жолымен энергия ресурстарына бағаның елеулі ауытқуының теріс әсерінен көлік кешенін қорғайтын жағдайлар жасалуы тиіс.
8) Автомобиль жолдарын пайдаланушыларды, теміржол жүк жөнелтушілерін, транзиттік операторларды және көлік-логистикалық компанияларды қоса алғанда, көлік-логистикалық қызметтерді тұтынушылардың күтулері мен артықшылықтары Қазақстан үшін көлік инфрақұрылымы мен қызметтерін дамытудың басты стратегиялық драйвері болуға тиіс.
9) Өз азаматтарына тең қамқорлық көрсете отырып, Қазақстан мемлекет ретінде әртүрлі әлеуметтік топтардың (қарт азаматтар, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар және т.б.) физикалық мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, көліктік қызмет көрсетудің инклюзивтілігін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге тиіс.
10) Көлік саласындағы білікті кадрлар тапшылығы проблемасы 2000-жылдардың басынан бастап көп айтылды, алайда осы уақытқа дейін ол тиімді шешім таппады, ал еңбек ресурстарына сұраныс құрылымы жыл сайын өзгеріп отырады. Қазақстанға көлік саласының технологиялық түрленуінің ағымдағы және перспективалық үрдістерін ескеретін және мемлекет пен бизнестің білікті кадрларға, оның ішінде мүлдем жаңа мамандықтар, ғылым мен техника салаларына қажеттілігін қамтамасыз ететін білім беру жүйесін озыңқы дамыту стратегиясы қажет.
11) Көліктегі болуы мүмкін террористік актілердің алдын алу үшін Қазақстан ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін қолдана отырып, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологияларын белсенді дамытуы, халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізуі, әріптес елдердің мамандандырылған қызметтерімен ынтымақтасуы қажет.
12) Қазақстанның көлік саласында технологиялық артта қалуды қысқарту үшін білім базасын неғұрлым белсенді дамыту және неғұрлым дамыған елдерде енгізілген сәттен бастап уақыт ұзатпай, қазіргі заманғы және жоғары интеллектуалды технологияларды енгізу үшін институционалдық ортаны жетілдіру қажет.
13) Транзиттік жүк ағындарын тарту үшін бәсекелі күреске толыққанды қатысу мақсатында Қазақстанның көлік-логистикалық кешені қуаты жеткілікті логистикалық инфрақұрылым (өткізу қабілеті) құруды және жоғары сапалы сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоса алғанда, озып дамуға тиіс.
14) Әлемдік экологиялық трендтерге сәйкес келмейтін жылжымалы құрам мен технологияларды пайдалануды шектеуден болатын залалды барынша азайту үшін Қазақстан ұлттық операторлардың шығарындыларды азайту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа талаптарға жоспарлы түрде сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ұлттық заңнаманы және техникалық регламенттерді уақтылы үйлестіруді жүргізуі тиіс. Көлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру сатысында "жасыл технологияларды" енгізу де маңызды міндет болып табылады.
15) Ауа райы болжамдарының дәлдігін арттыру және өзгерістер серпінін тұрақты бақылау жағымсыз ауа райы құбылыстарының салдарын барынша азайтуға арналған маңызды шарт болып табылады. Қазақстанда интеллектуалды көлік жүйесінің тиісті элементтерін өрістету арқылы өзгермелі және қауіпті ауа райы жағдайлары туралы көлік құралдары операторларын уақтылы хабардар ету шектеу және алдын алу шараларының тиімділігін арттырумен қатар ауа райы жағдайларына байланысты инциденттердің өсуін болдырмауға көмектеседі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |