«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 273 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 19876 болып тіркелді
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15557 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 12-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 273 қаулысымен бекітілген
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары
1. Осы Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) сәйкес әзірленді және коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.
3. Егер есепті айда Мәліметтерге өзгерістер енгізілмеген жағдайда, онда уәкілетті органға Мәліметтер ұсыну талап етілмейді.
4. Қағаз тасымалдағыштағы мәліметтерге бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар, орындаушы қол қояды және коллекторлық агенттікте сақталады.
5. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдей болуын бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар қамтамасыз етеді.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Кімге ұсынылады: уәкілетті органға
Әкімшілік деректердің нысаны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер
Индексі: ЛКАУК_1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы __________________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: коллекторлық агенттік
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-нан (онынан) кешіктірмей
1-кесте. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар (бұдан әрі - қатысушы (иелік етуші) туралы мәліметтер
№ |
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) |
Резиденттік |
Атауы |
Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері) |
Құрылтайшы (акционер, қатысушы) не уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұған дейін коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған басшы қызметкер туралы мәліметтер |
Қызмет түрінің сипаты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
қатысушыға (иелік етушіге) тиесілі қатысу үлестерінің коллекторлық агенттіктің |
|||||
Жеке |
|||||
тікелей |
жанама |
||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) |
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) |
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) |
Қатысушы (иелік етуші) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне сол арқылы иелік ететін ұйымға қатысу үлесі (пайызбен) |
Тиесілі акциялардың/қатысу үлестерінің саны (дана/теңгемен) |
Сол арқылы жанама иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
кестенің жалғасы:
жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы |
|||||
Бірлесіп |
|||||
тікелей |
жанама |
||||
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) |
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен) |
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен) |
Қатысушы (иелік етуші) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне сол арқылы иелік ететін ұйымға қатысу үлесі (пайызбен) |
Тиесілі акциялардың/қатысу үлестерінің саны (дана/теңгемен) |
Сол арқылы жанама иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар тізбесі
№ |
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін) |
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер) |
Бақылау негіздері |
Коллекторлық агенттікті бақылайтын тұлға дауыс беретін акцияларының 20 (жиырма) пайызынан астамын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер |
|
Ұйымның атауы |
Акцияларға (жарғылық капиталға) иелік ету үлесі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
Атауы _________________________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық поштасының мекенжайы ______________________________ Орындаушы_________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, телефоны Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, телефоны Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам _______________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________ Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.
Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
5. Заңды тұлғалар бойынша 1-кестеде қатысушының (иелік етушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма пайызынан астамына ие жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін қоса алғанда, коллекторлық агенттіктің акцияларын не жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иелік ететін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. 2-кестенің 3-бағанында жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болуы немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтындығы немесе ұшырағандығы (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |