Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бірлескен бұйрығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы________Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі_______Е. Тұрғымбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы «8» қаңтар № 2
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы «13» қаңтар № 15
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1-30 қазан аралығындағы кезеңде халықтың ұлттық санағын өткізу мерзімдері (бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.
Toggle Dropdown
2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) енгізілген.
Toggle Dropdown
3. Жоспарға, сондай-ақ «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар және уақытша жоқ адамдарды және уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді қоса алғанда, әскери бөлімдердің және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар (бұдан әрі – респондент) жатады.
Toggle Dropdown
Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен:
Toggle Dropdown
1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;
Toggle Dropdown
2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күнде халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп және электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. ҚР ІІМ объектілерінде халық санағын ұйымдастыру
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері мен оның ведомстволарында (бұдан әрі – ҚР ІІМ объектілері) халық санағын ұйымдастыру және өткізу мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі.
Toggle Dropdown
5. Халық санағын өткізудің толықтығы мен сапасын бақылау ҚР ІІМ объектілерінің қолбасшыларына, командирлеріне, бастықтарына жүктеледі.
Toggle Dropdown
6. ҚР ІІМ-де мыналар құрылады:
Toggle Dropdown
1) Халық санағына дайындық және өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді үйлестіру және жәрдемдесу жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия). Орталық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі;
Toggle Dropdown
Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) өзара іс-қимылды, ҚР ІІМ объектілерінде жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ҰЭМ СК-ға көмек көрсетуді, халық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2) Халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарында құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Халық санағы бойынша комиссия). Халық санағы бойынша комиссияның құрамы ҚР ІІМ-нің объектілері командирлерінің, бастықтарының бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Халық санағы бойынша комиссия ҚР ҰЭМ СК аумақтық органдарымен (бұдан әрі – Департаменттер) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жәрдемдесуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының өңірлік қолбасшылықтарында, құрамаларында, әскери бөлімшелерінде және әскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, арнайы мекемелерде, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша күнтізбелік жұмыс жоспарларын құруды, жауапты қызметкерлерді іріктеу және оқытуды, 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аумақтық белгісі бойынша мекенжайларды, шекараларды көрсете отырып, контингенттер орналасқан объектілер тізбесін құру және нақтылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-тарау. ҚР ІІМ объектілерінде халық санағын өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
1-бөлім. Жауапты қызметкерлер
Toggle Dropdown
7. ҚР ІІМ объектілерінде ҚР ІІМ қызметкерлері немесе әскери қызметшілері санынан жауапты қызметкерлердің көмегімен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Жауапты қызметкерлер халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Департаменттер өткізетін оқыту семинарларында оқытудан өтеді.
Toggle Dropdown
8. ҚР ІІМ объектілерінде жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және Интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы
Toggle Dropdown
9. Департаменттер жауапты қызметкерлерге 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге халық санағы аяқталған соң Департаментке қайтарылатын соққыға төзімді қорғайтын қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилусы, портативтік құрылғысы бар жиынтықтағы (Powerbank USB шнурымен жиынтықта) планшеттерді (бұдан әрі – планшеттер) қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді. Сондай-ақ халық санағын өткізуге қажетті қағаз жеткізгіштегі санақ құралы (бұдан әрі – санақ құралы) беріледі:
Toggle Dropdown
1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірме;
Toggle Dropdown
2) халық санағынан өту туралы анықтама беріледі.
Toggle Dropdown
3-бөлім. Санақтан өтуге жататын халықтың санаттары
Toggle Dropdown
10. ҚР ІІМ объектілерінде санақтан өтуге мынадай халықтың санаттары жатады:
Toggle Dropdown
1) мерзімді қызмет сарбаздары, сержанттары;
Toggle Dropdown
2) арнайы немесе әскери білімі жоқ, білім беру ұйымдарының тыңдаушылары;
Toggle Dropdown
3) рұқсаты шектелген, ҚР ІІМ объектілерінің аумағында тұратын офицерлер, әскери қызметшілер және келісімшарт бойынша істейтін қызметшілер;
Toggle Dropdown
4) рұқсаты шектелген, ҚР ІІМ объектілерінің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар;
Toggle Dropdown
5) әскери оқыту орындарының тәрбиеленушілері, ұландары, кадеттер және курсанттар;
Toggle Dropdown
6) арнаулы мекемелердегі адамдар;
Toggle Dropdown
7) сотталғандар және санақ күні ҚР ІІМ объектілерінде тергеумен қамалған адамдар;
Toggle Dropdown
8) ҚР ІІМ объектілері жанындағы балалар үйіндегі сотталған әйелдердің балалары;
Toggle Dropdown
9) медициналық мекемелерде, демалыс үйлерінде және санаторийлерде стационарлық емделуде жүрген адамдар.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасының жабық аумағынан тыс тұратын келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен келісімшарт бойынша қызметшілерді тұрақты тұрғылықты жері бойынша азаматтық тұрғындар ретінде Департаменттердің санақ персоналы өздерінің отбасылары құрамында санақтан өткізеді.
Toggle Dropdown
12. Қарулы Күштер бөлімшелерінде атқаратын лауазымдарынан босатусыз демалыста және шетелдік іссапарларда жүрген әскери қызметшілер жеке істері және басқа да есепке алу деректері бойынша тұрақты қызмет ететін орны бойынша санақтан өтеді.
Toggle Dropdown
13. Офицерлер, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері мен әскери госпитальдарда ем қабылдаудағы басқа да азаматтық тұлғалар (егер олардың келгеніне 1 жылдан аспаса) уақытша тұратындар ретінде санақтан өткізіледі.
Toggle Dropdown
14. ҚР ІІМ объектілері аумағында тұратын, запасқа босатылған, бірақ санақ күні ҚР ІІМ объектілерінен шықпаған әскери қызметшілерді ҚР ІІМ-нің жауапты қызметкерлері тұрақты тұратын азаматтық тұрғындар санында санақтан өткізеді.
Toggle Dropdown
15. ҚР ІІМ объектілеріндегі алмастырушы құрам тұрғылықты жері бойынша (казарма, жатақхана және басқалары) санақтан өтеді. Ортақ тұрғын үй алаптарында тұрған жағдайда алмастырушы құрамды Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.
Toggle Dropdown
16. 12 айдан аспайтын оқыту мерзімімен курстарда немесе жиындарда оқып жатқан, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері уақытша тұратындар ретінде санақтан өткізіледі.
Toggle Dropdown
17. 12 айдан асатын оқыту мерзімімен курстарда оқып жүргендер тұрақты тұрғлықты жерінде болмау ұзақтығына қарамастан ҚР ІІМ обектісінде тұрақты халық ретінде санақтан өтеді.
Toggle Dropdown
18. ҚР ІІМ объектілерінде тұратын азаматтық тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес санақтан өткізеді.
Toggle Dropdown
5-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері
Toggle Dropdown
19. ҚР ІІМ объектілеріндегі халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) бірінші кезеңде халық санағына жататын респонденттердің тізімі 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жасалады және Департаментке беріледі.
Toggle Dropdown
2) екінші кезеңде халық санағынан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электрондық санақ парақтарын планшеттерде немесе Интернет желісі арқылы онлайн режимде «sanaq.gov.kz» сайтында толтыру өткізіледі.
Toggle Dropdown
Респондентке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыру үшін кадр қызметінен мәліметтер алады.
Toggle Dropdown
Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.
Toggle Dropdown
Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда алынған деректер деректерді жөнелту туралы белгісімен (сақтау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс арнасы бойынша жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қашықтыққа немесе жергілікті жерлерде ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктелерінің болмауына байланысты алынған деректерді планшеттен жүктеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, деректер USB шнуры арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне жүктеледі.
Toggle Dropdown
20. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер алғашқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.