Toggle Dropdown
1
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы Келісім жобасы
Toggle Dropdown
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы КЕЛІСІМ
Toggle Dropdown
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өз үкіметтері атынан, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) XVII бөлімнің ережелерін және жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы (Шартқа № 18 қосымша) басшылыққа ала отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі 2003 жылғы 21 мамырдағы негіздемелік конвенциясын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – одақ) шеңберінде темекі өнімі нарығының жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайлар жасау және темекі өнімінің айналымы саласында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету мақсатында, Одақ шеңберінде экономикалық интеграцияны тереңдетуге деген ұмтылысты бөлісе отырып, мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін мойындай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, мүше мемлекеттердің әрқайсысының темекі өніміне салық салу деңгейін дербес айқындаудың және өз аумағында осы өнімге қатысты салық саясатын жүргізудің ажырамас құқығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
Toggle Dropdown
1-бап
Келісімнің нысанасы
Toggle Dropdown
Осы Келісім мүше мемлекеттердің аумақтарында сатылатын темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) жолымен одақ шеңберінде темекі өнімінің нарығын құру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған, темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) негізгі қағидаттарын, шаралары мен тәртібін айқындайды және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2402 20 субпозициясында жіктелетін темекі акциздерінің мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) мәселелерін реттейді.
Toggle Dropdown
2-бап
Темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) қағидаттары
Toggle Dropdown
Темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) мынадай қағидаттар:
Toggle Dropdown
мүше мемлекеттер халқының күнделікті қолда бар табысының мүше мемлекеттердің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім өлшеміндегі айырмашылықтарды есепке алу, мүше мемлекеттердің халқы үшін темекі өнімінің қолжетімділігі (оның ішінде бағалық);
Toggle Dropdown
өсу қарқыны неғұрлым төмен мүше мемлекеттерде акциздер мөлшерлемелерінің өсу қарқынын жеделдету және өсу қарқыны неғұрлым жоғары мүше мемлекеттерде акциздер мөлшерлемелерінің өсу қарқынын бәсеңдету;
Toggle Dropdown
мүше мемлекеттердің (оның ішінде олардың өңірлерінің) әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын есепке алу;
Toggle Dropdown
мүше мемлекеттердің қолданылатын акциздер мөлшерлемелерінің түрлерін (адвалорлы, ерекше, аралас) дербес айқындау құқығын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
акциздер мөлшерлемелерін белгілеу саласындағы мүше мемлекеттердің салық саясатының транспаренттілігі мен алдын ала болжамдылығы негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3-бап
Темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру)
Toggle Dropdown
1. Темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) жөніндегі шараларды іске асыру:
Toggle Dropdown
акциздердің бірыңғай индикативтік мөлшерлемесі (бұдан әрі – индикативтік мөлшерлеме);
Toggle Dropdown
индикативтік мөлшерлеме деңгейіне қол жеткізудің 5 жылдық кезеңі;
Toggle Dropdown
акциздердің нақты мөлшерлемелерінің индикативтік мөлшерлемеден ауытқу диапазонын белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Индикативтік мөлшерлеме мен ауытқу диапазондары 2024 жылдан бастап әрбір 5 жыл сайын осы бапта көзделген тәртіппен бекітіледі.
Toggle Dropdown
2. Темекі өніміне акциздердің нақты мөлшерлемелері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді және акциздің ерекше және (немесе) адвалорлық бөлігінің жиынтық сомасы болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Индикативтік мөлшерлеме мүше мемлекеттің бюджет жылының 1-ші күніндегі еуро бағамына баламалы тиісті ұлттық валютасымен белгіленеді.
Toggle Dropdown
4. Мүше мемлекеттер индикативтік мөлшерлемені қолдану мерзімі аяқталғанға дейін 2 жылдан кешіктірмей 2024 жылдан бастап құзыретіне салық саясаты және әкімшілік жүргізу мәселелері кіретін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы консультативтік орган (бұдан әрі – Комиссия) шеңберінде индикативтік мөлшерлемені қолданудың келесі мерзіміне темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындату) жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлейді.
Toggle Dropdown
Мүше мемлекеттермен келісілген темекі өніміне арналған индикативтік мөлшерлеменің мөлшерін және ауытқу диапазондарын Комиссия Кеңесі бекітеді.
Toggle Dropdown
5. Темекі өніміне арналған индикативтік мөлшерлеменің мөлшерін және ауытқу диапазондарын өзгертудің негізделген экономикалық орындылығы болған кезде, сондай-ақ евроға қатысты мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының бағамдары 15 проценттен астам өзгерген жағдайда, Комиссия Кеңесі кез келген мүше мемлекеттің бастамасы бойынша тиісті көрсеткіштерді өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Toggle Dropdown
2024 жылға индикативтік мөлшерлеменің мөлшері және ауытқу диапазондары
Toggle Dropdown
1. Мүше мемлекеттер 2024 жылы ұлттық валютада 1000 дана үшін 35,0 евроға баламалы мөлшерде темекіге қатысты индикативтік мөлшерлемені қолданады.
Toggle Dropdown
2. Мүше мемлекеттерде сигареттерге қолданылатын акциздердің нақты мөлшерлемелері 2024 жылы осы баптың 1-тармағында көрсетілген индикативтік мөлшерлемеден – аз жағына және көп жағына 20 проценттен аспайтын мөлшерде ауытқуы мүмкін.
Toggle Dropdown
5-бап
Темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл
Toggle Dropdown
1. Мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру (жақындастыру) жөніндегі шараларды іске асыру үшін Комиссия темекі өніміне акциздер мөлшерлемелеріне қатысты қысқа, орта және ұзақ мерзімді салық саясаты мәселелері бойынша консультациялар беруді және үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздердің индикативтік мөлшерлемесіне қол жеткізуін мониторингілеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мүше мемлекеттер жыл сайын, 1 тамызға дейін Комиссияға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бекітуге жоспарланған кезекті күнтізбелік жылға (бюджет кезеңіне) арналған темекі өніміне акциздер мөлшерлемелері туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған бекітуге жоспарланған акциздер мөлшерлемелері туралы ақпаратты табыс етеді.
Toggle Dropdown
3. Комиссия осы баптың 2-тармағына сәйкес алынған ақпарат анализінің нәтижелері бойынша оны осы Келісімнің 3-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген тетікті іске асыру үшін мүше мемлекеттерге жібереді.
Toggle Dropdown
Егер Комиссияға хабарлағаннан кейін мүше мемлекеттердің бірі темекі өніміне акциз мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, акциздердің жаңа мөлшерлемелері туралы ақпарат тиісті акт күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей комиссияға және мүше мемлекеттерге жіберіледі.
Toggle Dropdown
6-бап
Салықтық егемендік
Toggle Dropdown
Осы Келісімде ешнәрсе:
Toggle Dropdown
мүше мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетін талап ретінде қарастырылуы мүмкін, кез келген мүше мемлекетке темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін белгілеу талабы;
Toggle Dropdown
кез келген мүше мемлекеттің темекі өніміне акциздер мөлшерлемелерін белгілеуіне қатысты нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы өзінің қауіпсіздігі мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін іс-әрекеттерді қолдануына кедергі жасау ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
Toggle Dropdown
7-бап
Әкімшілік ынтымақтастық
Toggle Dropdown
Одақтың кедендік аумағында темекі өнімін акциздер мен басқа да жанама салықтарды төлемей сатуды болдырмау мақсатында мүше мемлекеттер өздерінің уәкілетті органдары арасындағы әкімшілік ынтымақтастықтың тәртібін (оның ішінде одақ шеңберінде тиісті келісімдер жасасу жолымен) айқындайды.
Toggle Dropdown
8-бап
Басқа халықаралық шарттарға қатынасы
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің ережелері мүше мемлекеттердің олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Toggle Dropdown
9-бап
Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
Toggle Dropdown
2. Мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Келісімге бөлек хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Осы Келісім одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және одақтың құқығына кіреді.
Toggle Dropdown
4. Осы Келісім, депозитарий дипломатиялық арналар арқылы мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
______ жылы «___» _________ _______ қаласында орыс тіліндегі бір төлнұсқа данада жасалды.
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Toggle Dropdown
Армения Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін