Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қолданыстағы кредиттер ескеріле отырып, бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді. Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген, банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шарттарда жүзеге асырылады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қолданыстағы кредиттерді ескере отырып бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың /компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялар Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді.
Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |