Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 19927 болып тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
1-тармақтың 2)-19) тармақшалары осы Қаулының 10-тармағына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қаражаты және банктік салымдар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтердің есебінен инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға, туынды қаржы құралдарына қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес «кері репо», репо операциялары туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес инвестициялық қордың (инвестициялық портфельдің) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақылары және мемлекеттің сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес міндеттемелердің көлемі бойынша есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есептің нысаны;
21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есептің нысаны;
22) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру қызметі туралы есептің нысаны;
23) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
24) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
25) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес ұлттық және шетел валюталарындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру туралы есептің нысаны;
26) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің нысаны;
27) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептің нысаны;
28) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес шығындар бойынша есептің нысаны;
29) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдерінің статистикасы бойынша есептің нысаны;
30) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептің нысаны;
31) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттары және аннуитеттік сақтандырудың өзге де түрлері бойынша есептің нысаны;
32) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде жасалған қолданыстағы аннуитет шарттары бойынша есептің нысаны;
33) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес соңғы 12 (он екі) айда күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
34) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес болжамды төлемдер құны бойынша есептің нысаны;
35) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін тізбекті саты әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз есептеу туралы есептің нысаны;
36) осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін тізбекті саты әдісі бойынша инфляцияға түзетумен есептеу туралы есептің нысаны;
37) осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін Борнхьюттер-Фергюсон әдісімен есептеу туралы есептің нысаны;
1-тармағының 38)-40) тармақшалары осы Қаулының 10-тармағына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
38) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру төлемдерін жіктеу туралы есептің нысаны;
39) осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған және жүзеге асырылған сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;
40) осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес сақтанушыларға («өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) берілген қарыздар туралы есептің нысаны;
41) осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкес қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептің нысаны;
1-тармағының 42)-44) тармақшалары осы Қаулының 10-тармағына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
42) осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
43) осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің қатысуымен қайта сақтандыру шарттары туралы және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-қайта сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыруына орналастыру талаптары туралы есептің нысаны;
44) осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есептілікті беру қағидалары бекітілсін.