• Мое избранное
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19959 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру шартының үлгілік нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қосылу шартының үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 29 қаңтардағы
 № 5 бұйрығына
1-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы үлгілік шарт
Шарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2021 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (13.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп не төменде көрсетілгендей аталатын
1) «Өңірлік үйлестіруші»:
___________________________ атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ___________________________________ және
2) «Қаржы агенттігі»:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан ________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ арасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыруға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру және ішінара кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары), 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес жасалды;
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2021 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (13.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
2) банк – Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;
3) даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
5) ислам банкі – лицензияның негізінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
6) исламдық лизингтік компания – өз қызметін «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын заңды тұлға;
7) лизингтік компания – қызметін Ұлттық жобаны/Тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;
8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;
9) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін Қаржы агенттігінің жарғысымен, Қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;
10) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
11) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас түрінде кредит/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.
2. Шарттың мәні
2. Осы Шарттың талаптары бойынша өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен субсидиялау және (немесе) кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2021 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (13.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аудару сомасы секвестрленген жағдайда өңірлік үйлестірушіге қаражатты қайтару, қайтару сомасы мен қаражатты қайтаруға арналған деректемелер көрсетіле отырып, өңірлік үйлестірушінің тиісті хаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Тараптардың құқықтары және міндеттері
3. Қаржы агенттігі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2021 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (13.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)