Bestprofi Logo

Қаулы № 33 от 2020-02-04г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2021 г.

Документ на казахском языке

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы  № 33 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 505-құжат).

3. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 364 қаулысы.

4. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы28 желтоқсандағы № 1414 қаулысы.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясына қосымша

МЖЖ бірінші деңгейіндегі құжат

МЖЖ екінші деңгейіндегі құжат

МЖЖ үшінші деңгейіндегі құжат

Стратегияда көзделген холдингтің ҚТК

ҚР 2025 Стратегиялық жоспары:

1) АӨК-де еңбек өнімділігін 5 жыл ішінде және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту;

2) Қазақстан-Мажарстан тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына инвестициялар тарту мақсатында жаңа инвестициялық қорлар құру мәселелері пысықталатын болады.

АӨК мемлекеттік бағдарламасы:

1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2021 жылы – 267 %;

2) ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2021 жылы – 516 %;

3) қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2021 жылы – 2 400 млн. АҚШ. доллары

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

1) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды;

2) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі кемінде 20%;

3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттер/микрокредиттер саны – 14000.

АШМ-нің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары:

1) еңбек өнімділігінің индексі:

- ауыл шаруашылығында 2015 жылғы деңгейге қарағанда 267 %-ға дейін;

- тамақ өнімдерін өндіруде, өткен жылға қарағанда нақты мәнде 110,5 %-ға дейін;

2) АӨК өнімдері экспортының 2400 млн. АҚШ долларына дейін өсімі;

3) 2015 жылғы деңгейге негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі - ауыл шаруашылығы 516 %-ға дейін;

- азық-түлік өндірісіне 221,9 %-ға дейін;

4) ауылдағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде 20 %;

1) азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі;

2) негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру көлемі;

3)қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша еңбек өнімділігі;

4) холдингтің көмегімен өнім экспортының көлемі;

5) ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемі;

6) бюджеттік қаражат көлемінің бюджеттен тыс тартылған қаражаттарға арақатынасы;

7) микрокредиттермен қолдау тапқан ауылдық елді мекендердегі, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалалардағы бастапқы бизнестің үлесі;

8) холдингтің корпоративтік басқару рейтингі;

9) негізгі кредит беру және лизинг процестерін автоматтандыру деңгейі;

10) холдингтің ЕҰ несие қоржыны бойынша қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) оңтайлы деңгейін қолдау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы  № 33 қаулысымен бекітілген

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – холдинг) «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес құрылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі холдингтің жалғыз акционері болып табылады. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – АШМ) берілген.

Холдингтің иелігіне «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ), «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ), «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ), «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚазАгроКепіл» АҚ), «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қазагромаркетинг» АҚ), «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ), «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚазАгроӨнім» АҚ) акциялары берілген. «Қазагромаркетинг» АҚ 2017 жылы «Қазагромаркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Қазагромаркетинг» ЖШС) болып қайта құрылды.

Холдингтің 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі –Стратегия) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып әзірленген, холдингтің миссиясын, оның пайымын, қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін және 2029 жылға дейінгі түйінді көрсеткіштерін айқындайды.

1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі – «Қазақстан-2050» Стратегиясы);

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарының (бұдан әрі – ҚР 2025 Стратегиялық жоспары);

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – АӨК мемлекеттік бағдарламасы);

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) және басқаларының мақсаттары мен міндеттер ескерілді.

1.1. Сыртқы ортаны талдау Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің (бұдан әрі – ауылшар өнімдері) жалпы өндірісінің көлемі 2012 жылдан бері орнықты өсу үстінде.

1-диаграмма. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс динамикасы, миллиард (бұдан әрі – млрд.) теңге

Мал шаруашылығындағы өсу қарқыны дәйекті болса, өсімдік шаруашылығында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының ауытқуына әсер ететін табиғи-климаттық факторларға тәуелділік жоғары екені байқалады (2011 жылы егіннің рекордтық шығымына қатысты 2012 жылы шығымдылықтың төмен болуы ауыл шаруашылығындағы өндірістің нақты көлем индексінің 18 пайызға (бұдан әрі – %) жалпы төмендеуіне алып келді).

Саладағы оң үрдістерге қарамастан, Қазақстанның ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігінің төмен болуымен сипатталады, бұл ауыл шаруашылығы дақылдары (бұдан әрі – ауылшар дақылдары) шығымдылығының және ауыл шаруашылығы малдары (бұдан әрі – ауылшар малы) өнімділігінің төмен болуымен, еңбекті көп қажет ететін ескірген технологиялардың пайдаланылуымен, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің нашар болуымен негізделген.

Сала ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі – ауылшар техникасы) жаңартуды қажет етеді, оның тозу деңгейі 80 %-ға жеткен. Ауылшар техникасының басым бөлігі 1991 жылға дейін шығарылған. Республикада ауылшар техникасын жаңартудың жыл сайынғы қарқыны шамамен

2 % деңгейінде, бұл Ресейдегі – 4 %, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдеріндегі – 10-12 % осыған ұқсас көрсеткіштен анағұрлым төмен.

Дегенмен, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар 2011 жылдан бері 3,6 есеге өсті, бұл холдинг компаниялары тобының тарапынан кредиттеудің жалпы өсуімен, инвестициялық шығындарды субсидиялаудың ұлғаюымен, сондай-ақ 2015 жылы теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамына өткеннен кейін ауылшар техникасы мен жабдықтары құнының өсуімен негізделген.

2-диаграмма. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге

Өндірістің ұсақ тауарлы болуы агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК) бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. 2018 жылы сиыр еті мен қой етінің шамамен 57 %-ы, картоп пен қызанақтың 54,3 %-ы, сүттің 73,5 %-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда (бұдан әрі – ЖҚШ) өндірілген.

Республикадағы негізгі егістік алаңдар дәнді дақылдарды егуге бөлінген, оның 11,4 миллион (бұдан әрі – млн.) гектарға жуығын немесе 75 %-ын бидай алып жатыр. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен жоғары, ал артық қалғаны экспортталады. Қазақстан астық пен ұн бойынша дәстүрлі түрде аса ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері өткізудің негізгі экспорттық нарықтары болып табылады. Сала Ресей мен Украина тарапынан бәсекелестіктің өсуі жағдайларында дамып келеді. Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – Қытай) нарығы экспорт көлемдерін өсірудің перспективалы бағыты болып табылады.

Отандық көкөніс, картоп, бақша дақылдары өндірісі халықтың қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, қазіргі заманғы сақтау қуаттарының және жылыжай шаруашылықтарындағы өндіріс көлемінің жетіспеуі салдарынан маусымаралық кезеңде жеміс-жидектер бойынша – 63 %, жүзім бойынша – 57 %, сондай-ақ көкөністер бойынша импортқа жоғары тәуелділік байқалады.

Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы малдың негізгі түрлерінің саны тұрақты өскені байқалады. Мысалы, ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ) басының орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 110 %-ды, жылқы – 107 %-ды құрайды. Алайда, асыл тұқымды мал басының ІҚМ (10,6 %), ұсақ малдың (бұдан әрі – ҰМ) (15,1 %) жалпы санындағы үлес салмағының төмен болуы, малдың басым бөлігінің тұрғындар қожалықтарында шоғырлануы (61 %), өнімділігі жоғары малды жылдам өсіру үшін репродуктивтік базаның әлсіз болуы, жемшөп өндірісі көлемінің мал шаруашылығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мал шаруашылығы өнімінің өндірісін тежейді.

Қазақстанның әлемдік нарықта сұранысқа ие органикалық өнімді өндіруге және экспорттауға мүмкіндігі бар, бұл импортаушы елдердің талаптарына сәйкес өндірісті сертификаттау мәселесін шешуді талап етеді. Мысалы, Қытай, Орталық Азия елдері сияқты тұтыну нарықтарының жақын орналасуына байланысты экспорттық нарықтарға жеткізу үшін сиыр еті, қой еті, шошқа еті өндірісінің өсу әлеуеті жоғары.

Қайта өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерінің өндіріс көлемінің жыл сайын орнықты өсімі байқалады.

3-диаграмма. Тамақ өнімдерінің өндірісі

Саланың өсуіне мемлекеттік даму бағдарламалары арқылы іске асырылатын қолдау шаралары ықпалын тигізеді, мұның өзі 2011 жылдан бері негізгі капиталға инвестициялардың 3,6 есе өсуіне әсер етті.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание