• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 989 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Жоба 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат):  
1) 9-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:  
"Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне олардың өтініші бойынша осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгертілген нысаналы мақсат үшін көзделген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бөліп-бөліп төлеу ұсынылады.";
2) 33-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті компанияның құрылыс салушысы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес құқығын берген кезде;";
3) 35-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Елді мекен шегінде объект салу мақсаты үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы кемінде 3 жыл мерзімге беріледі.";  
4) 44-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Елді мекен шегінде объект салу үшін мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскесі сұралған кезде осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерді қоспағанда, жер учаскесін беру мынадай ретпен жүргізіледі:";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
"2-1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға және топографияға техникалық шарттарды жасау;";
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, сәулет-жоспарлау тапсырмасының, инженерлік желілерге қосуға және топографияға техникалық шарттардың, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын тиісті орталық уәкілетті орган бекітеді.";
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушіге, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелердің болмауы жағдайында қағаз жеткізгіште жібереді.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету қызметтерін жеткізушілер сауалнама парағын, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және табыс етеді.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Оң қорытындылар түскен жағдайда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және жібереді.";
5) 48-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) су құбырларын, жылу трассаларын, тазарту құрылысжайларын және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу және тарту үшін жеке және заңды тұлғаларға;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) аяқталғаннан кейін олардың нәтижелері туралы хаттама негізінде екі жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты жасалады.";
6) 94-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Аталған ауыртпалық жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын иеліктен шығару құқығын шектемейді және ол сатылған кезде жаңа құқық иеленушіге ауысады.
Нұсқама мерзімі өткеннен кейін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жаңа құқық иеленушіге қойылады.".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 
6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; 
№ 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 
50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; 
№ 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., 
№ 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар):  
1) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
"8-2) сатып алу және сауда-саттық нысанасының бастапқы құнының сомасы;";
2) 159-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: