• Мое избранное
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19985 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11862 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мминистрдің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығына
1-қосымша
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және су объектілерін кеме жүзетін көлік құралдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – ішкі су көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы, сондай-ақ су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары – кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
4) кеме қатынасы су жолдары – кеме қатынасы үшін ашық және кеме қатынасы үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізілген ішкі су жолдары.
2-тарау. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібі
3. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу уәкілетті органмен су объектілерін кеме қатынасына санатына жатқызу және су объектілерін немесе олардың учаскелерін (шекарасын көрсетіп) кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізу орындылығы туралы талдау (бұдан әрі – Талдау) нәтижелері бойынша қабылданады.
4. Талдауды уәкілетті орган жүргізеді және мыналарды:
1) тасымалдың күтілетін көлемі, жүк ағынының болжамды маршруттары және тасымалдау процесін ұйымдастыру үшін көлік (жолаушылар) флотының жоспарланған санын;
2) кеме қатынасы санатына жатқызуға ұсынылатын су объектісінің схемалық жоспары, гидрологиялық сипаттамасы және пайдалану ерекшеліктерін;
3) кеме қатынасы санатына жатқызуға ұсынылатын су объектісінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және оларды қысқа мерзімді (үш жылдық) перспективада күтіп - ұстау бойынша қаржы қаражатының ресурстарға қажеттілігін қамтиды.
5. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу жөніндегі ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
6. Талдау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу нәтижелері бойынша су объектілері немесе олардың учаскелері кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығына
2-қосымша
Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi
1. Балқаш көлi.
2. Есiл өзенi, Петропавл су қоймасының бөгетiнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне дейiн.
3. Есіл өзенінің Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі учаскесі.
4. Жайық-Каспий каналы.
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзенінің учаскесi (Волга өзенiнің саласы).
6. Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлi - Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларымен бiрге Ертiс өзенi (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн).
7. Ресей Федерациясынан бастап Жайық өзенінің сағасына дейiнгі Жайық өзенiнің учаскесi.
8. Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнің маңы.
9. Iле өзенi, Қапшағай су қоймасымен бiрге Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап Қапшағай су электр станциясының бөгетiне дейiн.