«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № ҚР ДСМ-11/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20069 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 8 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 ақпаны № ҚР ДСМ-11/2020 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт хирургиялық аурулар кезінде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
2) бейінді маман- жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
3) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
4) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
6) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шаралар кешені;
7) өңірлендіру – стационарлық медициналық ұйымдарды олардың мамандандырылған медициналық хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсету мүмкіндігі бойынша кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды бөлуді, сондай-ақ медициналық көмекті тұтыну көлемін ескере отырып, хирургиялық араласу қаупінің дәрежесіне сәйкес үш деңгей бойынша бөлу.
2-тарау. Хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің қағидалары, жалпы қағидаттары мен сипаттамалары
4. Пациенттерге хирургиялық көмек көрсету:
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тегін негізде;
«Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын және Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
5. Хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсететін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың құрамындағы құрылымдық бөлімшелер:
1) ерте анықтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және хирургиялық аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялы медициналық қызметтерді және білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
2) медициналық көмектің қолжетімділігін, үйлесімділігі мен сапасын арттыру есебінен хирургиялық аурулардан болатын асқынуларды, халықтың өлімі мен мүгедектігін төмендету бойынша жұмыстарды;
3) хирургияның барлық бағыттары бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін тиімді жүйе құруды;
4) қазіргі заманғы медицинаның әлемдік жетістіктеріне сәйкес келетін диагностика, емдеу және профилактиканың заманауи әдістерін енгізуді қолдануды;
5) өңірлендіруді ескере отырып, медициналық ұйымның ішілік, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
6. Хирургиялық аурулары бар пациенттерге білікті медициналық көмекті бейінді мамандар, сондай-ақ «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)», «Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек» «Педиатрия (неонатология)», «Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)» мамандықтары бойынша дәрігерлер) жоғары медициналық білімі бар мамандар диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың, соның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып, мамандандырылған әдістерді талап етпейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетеді.
7. Хирургиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың, соның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы жүргізілетін арнайы әдістерді талап ететін аурулар кезіндегі медициналық көмекті қамтиды.
8. Хирургиялық аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді бейінді мамандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14868 болып тіркелген);
9. Хирургиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда ұсынылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек, соның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық- диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК);
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.
10. Медициналық ұйымдардың құрылымында науқастарға амбулаториялық-емханалық деңгейде көрсетілетін медициналық көмек оларға жүктелген функцияларына қарай ұйымдастырылады:
10 мың халыққа шаққанда кемінде 1 лауазымнан есептегенде емхана (нөмірлік аудандық, аудандық, қалалық) хирургының консультативтік қабылдау бөлмесі, көпбейінді стационарлардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелері, республикалық маңызы бар қалалардың консультациялық-диагностикалық орталықтары (бұдан әрі – консультациялық-диагностикалық бөлімше/орталық);
емханалардың (аудандық, қалалық) құрамындағы хирургиялық бейінді төсегі бар күндізгі хирургиялық стационар/амбулаториялық хирургия орталығы (бұдан әрі КХС/АХО), көпбейінді стационарлардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелері, республикалық маңызы бар қалалардың республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының консультациялық -диагностикалық орталықтары.
11. Науқастарға стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымында, оларға жүктелген функцияларға қарай ұйымдастырылады:
көпбейінді стационарлардың құрамындағы хирургиялық бейінді төсегі бар КХС/АХО; (көпбейінді ауданаралық, қалалық, облыстық ауруханалары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары);
көпбейінді стационарлардың құрамындағы (аудандық, көпбейінді ауданаралық, қалалық ауруханалардың) және (немесе) мамандандырылған хирургиялық бөлімшелердің (басқа соматикалық бөлімшелермен біріккен) көпбейінді стационарлардағы (аудандық, көпбейінді ауданаралық, қалалық, облыстық ауруханалардың, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының) хирургиялық төсектері;
көпбейінді стационарлардың (аудандық, қалалық, облыстық аурухананың) мамандандырылған хирургиялық бөлімшесі;
республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған хирургиялық бөлімшелері.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |