• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 90 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 704-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ТЖК беруге арналған құжаттарды ПТӘ-ге ұсынуды өтiнiш берушiнің өзі жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда ПТӘ-нің қызметкері көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін ТЖК беру мүмкіндігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
ТЖК-ні ресімдеу және беру мерзiмi өтiнiш берушiнің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарын қабылдаған сәттен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. ТЖК-нi ресiмдеудi ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсу бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтiнiш-сауалнаманы Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жіберу арқылы жүргізіледі.
16. ТЖК-нi ресiмдеудi келiсу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдары келiсу туралы ақпаратты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.
Өтініш берушіге қатысты ТЖК-ні беруді келісуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы ПТӘ-ге Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы хабарлайды.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Өтiнiш берушi осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынбаған жағдайларда және ТЖК-ні беру туралы оң шешім болған кезде өтiнiш берушiге оның құжаттарын қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама және ПТӘ растаған ресiмделген ТЖК бет жағының көшiрмесi берiледi.
ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтама осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып өтiнiш берушiге берiледi. ТЖК-нi ресiмдеу және ТЖК-нi ресiмдеу туралы анықтаманы беру туралы деректер ПТӘ-нiң электрондық дерекқорында сақталады.»;
осы Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 2 наурыздағы
 № 90 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы теңізшісінің
жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою және жою қағидаларына
1-қосымша
 _______________________________________________________________ 
(өтiнiш-сауалнаманы келiсуге жiберетiн мекеменiң атауы мен мекенжайы) 
20 ___ ж. _________ №_____
Фотосурет үшін орын
Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы 
ӨТIНIШ-САУАЛНАМА
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
_______________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), егер олар өзгертiлсе, қашан және қайда)
2. Туған жылы, айы, күнi _____________
3. Жынысы ____________________
4. Туған жерi ______________________________________________________ 
(республика, облыс, елдi мекен)
5. Тұратын (тiркелген) жерi __________________________________________
(индексі, республика, облыс, елдi мекен, көше, үй, пәтер, телефон)
6. Азаматтығы ____________________________________________________
7. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер бар болса көрсету)________________
8. Жеке басын куәландыратын негiзгi құжат
сериясы_________нөмiрi__________20______ж. ________________бердi
_________________________________________________________________
(кім бердi)
9. Шетелдiк паспорт (егер бар болса) сериясы _________№_______
20 __ ж. " ___ " ____________ бердi _______________________________ (кім бердi)
10. Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн алу: бастапқы, пайдаланғанның, бүлінгеннің, жоғалғанның орнына (қажеттісін сызу).
11. Оқу орындарында оқуды және әскери қызметтi қоса алғанда, еңбек кiтапшасынан және теңiзде жүзу кiтапшасынан соңғы бес жылдағы еңбек қызметi туралы үзінді көшiрме:

Айы және жылы

Қысқартылмай министрлiк (ведомство), әскери бөлiмнiң нөмiрi көрсетіледі, лауазымы және жұмыс орны

Кәсiпорынның, ұйымның, әскери бөлiмнiң тұрған жерi (мекенжайы)

түсуi

шығарылуы


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

(Өтiнiш-сауалнаманың екiншi жағы)

Айы және жылы

Қысқартылмай министрлiк (ведомство), әскери бөлiмнiң нөмiрi көрсетіледі, лауазымы және жұмыс орны

Кәсiпорынның, ұйымның, әскери бөлiмнiң тұрған жерi (мекенжайы)

түсуi

шығарылуы


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

20 __ ж. «____» ___________ (өтiнiш берушiнiң қолы) (күнi) Мен,____________________________өзімнің жеке деректерiмдi, (тегi, аты, әкесiнiң аты)
саусақ таңбаларының биометриялық шаблондарын және цифрлық фотосуреттi пайдалануға, соның iшiнде оларды шет мемлекеттердiң иммиграциялық және басқа да құзыреттi органдарына беруге, қажет болған кезде теңiзшiнiң жеке куәлiгiн пайдалана отырып, менiң жеке басымды сәйкестендiруге байланысты мәселелердi менiң мүддемде шешуге рұқсат етемiн.
20__ж. «____» _______________
(күнi)
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Құжаттарды қабылдау күнi 20__ж. «___» ________ Тiркеу №______
_____________________________________ _______________________
(өтiнiш-сауалнаманың қабылдаған (қолы, тегi, аты-жөнi)
адамның лауазымы)
№ KAZ __________________ 20____ж. «___» ______________
(нөмiрін көрсету) (берiлген күнi)
Теңiзшiнiң жеке куәлiгi берiлдi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
 2020 жылғы 2 наурыздағы
 № 90 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 562-құжат).
2. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 575-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 555-құжат).