• Мое избранное
Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20076 болып тіркелді

Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 08.12.2021 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (21.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 16.09.2022 жылғы № 25 Бұйрығына сәйкес (08.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.07.2023 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (16.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.06.2024 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) «Өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру, жөнелту және өндірістік қуаттар теңгерімі туралы есебі» индексі 1-П, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 02.06.2025 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру, жөнелту және өндірістік қуаттар теңгерімі туралы есебі» (индексі 1-П, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 02.06.2025 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) "Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру туралы есебі" (индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) "Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру туралы есебі" (индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) "Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есебі" (индексі 1-П, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) "Кәсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есебі" (индексі 1-П, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 02.06.2025 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 02.06.2025 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) "Дара кәсіпкердің өнеркәсіп өнімін (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру туралы есебі" (индексі 01-ИП (пром), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) "Дара кәсіпкердің өнеркәсіп өнімін (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру туралы есебі" (индексі 01-ИП (пром), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысы туралы есеп" (индексі 1-ВК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысы туралы есеп" (индексі 1-ВК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) "Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп" (индексі 1-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) "Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп" (индексі 1-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) «Қалдықтарды қайта өңдеу,сорттау, кәдеге жарату және көму туралы есеп» (индексі 2-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.07.2023 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (16.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) «Қалдықтарды қайта өңдеу, сорттау, кәдеге жарату және көму туралы есеп» (индексі 2-қалдықтар, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.07.2023 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (16.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) "Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп" (индексі 2-ТП (ауа), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес;
18) "Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп" (индексі 2-ТП (ауа), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;
19) "Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп" (индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;
20) "Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп" (индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17979 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Айдапкелов 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының  
Индустрия және инфрақұрылымдық  
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының  
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының  
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы 21 ақпандағы
№24 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 02.06.2025 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Аумақтық статистика бөлімшесіне ұсынылады

Представляется территориальному подразделению статистики

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрлігі Статистика

комитеті төрағасының

2020 жылғы 21 ақпандағы

24 бұйрығына 1-қосымша

Приложение 1 к приказу

Председателя Комитета

по статистике

Министерства

национальной экономики

Республики Казахстан

от 21 февраля 2020 года № 24

Өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру, жөнелту және өндірістік қуаттар теңгерімі туралы есебі

Отчет о производстве, отгрузке продукции (товаров, услуг) и балансе производственных мощностей

Индексі

Индекс

1-П

жылдық

годовая

есепті кезең

отчетный период

жыл

год

Қызметкерлерінің санына қарамастан, қызметтің негізгі және (немесе) қосалқы түрі «Өнеркәсіп» (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес - ЭҚЖЖ 05-33, 35-39) болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады

Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения независимо от численности работников, с основным и (или) вторичным видом деятельности «Промышленность» (согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности – ОКЭД 05-33, 35-39)

Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 14 наурызға (қоса алғанда) дейін

Срок представления – до 14 марта (включительно) после отчетного периода

БСН коды

код БИН

1. Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің нақты орнын көрсетіңіз (кәсіпорынның тіркелген жеріне қарамастан) – облыс, қала, аудан, елді мекен

Укажите фактическое место производства промышленной продукции (независимо от места регистрации предприятия) – область, город, район, населенный пункт


 

1.1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (бұдан әрi – ӘАОЖ) 1 сәйкес аумақ коды (статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште тапсыру кезінде аумақтық статистика бөлімшесінің қызметкері толтырады)

Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (далее – КАТО) 1 (заполняется работником территориального подразделения статистики при сдаче статистической формы на бумажном носителе)

2. Есепті жылдағы өндірілген өнімдер және көрсетілген қызметтер көлемін қосылған құнға салықсыз (бұдан әрi – ҚҚС) және акциздерсіз өндіруші кәсіпорын бағасымен көрсетіңіз, мың теңгемен

Укажите объемы произведенной продукции и оказанных услуг в ценах предприятий-производителей (без налога на добавленную стоимость (далее – НДС) и акцизов) за отчетный год, тысячах тенге

ЭҚЖЖ 2 бойынша қызмет түрлерінің атауы

Наименование видов деятельности по ОКЭД 2

ЭҚЖЖ коды (5 таңба)

Код ОКЭД (5 знака)

Өнеркәсіптік өнім (тауарлар, көрсетілген қызметтер) өндірісінің көлемі

Объем производства промышленной продукции (товаров, услуг)

Оның ішінде өнеркәсіптік сипатта көрсетілген қызметтер көлемі

Из них объем оказанных услуг промышленного характера

Есепті жылдың соңына аяқталмаған өндіріс көлемі

Объем незавершенного производства на конец отчетного года

Басқа кәсiпорындарға қайта өңдеуге тапсырылған шикiзаттың құны

Стоимость сырья, переданного на переработку другим предприятиям

А

Б

1

2

3

4

Барлығы

Всего


 


 


 


 


 

Ескертпе:
Примечание:
1  ӘАОЖ – мұнда және бұдан әрі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші»
1   КАТО – здесь и далее «Классификатор административно-территориальных объектов», размещенный на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz
2  ЭҚЖЖ – мұнда және бұдан әрі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші»
2   ОКЭД – здесь и далее «Общий классификатор видов экономической деятельности», размещенный на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз
При необходимости продолжите на дополнительных листах

А

Б

1

2

3

4

3. Заттай және құндық көріністегі өндіруші кәсіпорын бағасымен (ҚҚС және акциздерсіз) өнім өндірісінің (тауарлар, көрсетілген қызметтерінің) көлемдерін көрсетіңіз
Укажите объемы производства продукции (товаров, услуг) в натуральном и стоимостном выражении в ценах предприятий-производителей (без НДС и акцизов)