• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2022 г

Отправить по почте

«Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20109 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 21 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 жылғы № 368/НҚ Бұйырығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13339 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат беруге жауапты тұлғаны тағайындайды және осы Қағидалардың  1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Оқыту аяқталғаннан кейін Бірыңғай байланыс орталығының және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік органдардың немесе қызмет берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жауапты тұлға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен берілген ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік орган және қызметті беруші жауапты тұлғаларды ауыстырған жағдайда бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына ерікті нысанда тиісті ескерту жібереді және жауапты тұлғалар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жумагалиев
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурызы
№ 85/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік
 органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
 аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті
 атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың,
 кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен,
 сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен
 өзара іс-қимыл қағидаларына
1-қосымша
Форма
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түралы ақпарат

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімдегі №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер (оның деректемелерін көрсете отырып)

Нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері туралы мәлімет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат орналасқан интернет-ресурс

Жауапты тұлғаның және көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы

Мемлекеттік органның жауапты тұлғасының және көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 

Жауапты орындаушының Т.А.Ә.
Күні: 20__жылғы « __»________
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурызы
№ 85/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен,
 облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
 астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
 жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың,
 аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың,
 ауылдық округтердің әкімдерімен,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен
 өзара іс-қимыл қағидаларына
2-қосымша
Форма
Есеп

р/с

Шағымның және өтініштің келіп түскен күні мен уақыты

Форумға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.

Өңір

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш сипаты

Шағымның және өтініштің мазмұны

Қолданған шаралар, сұраным №

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің бұзылуы

Қызметкерлердің іс-әрекеті (әрекетсіздігі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9