• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 наурызда № 20117 болып тіркелді

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17042 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 11 наурызы
№ 91 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша
  • 1
Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі – Орталық комиссия) қызметін ұйымдастыру тәртібін, оның құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайды.
2. Орталық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Орталық комиссия құрамын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Орталық комиссияның құрамына келісім бойынша:
мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері;
мұнай-газ кешені саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғалары бірлестіктерінің (қауымдастықтардың, одақтардың) өкілдері;
ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары, сондай-ақ геология және көмірсутек кен орындарын игеру саласында, жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және құқықтық мәселелерінде маманданған ұйымдардың өкілдері;
көрсетілген салаларда арнайы білімі мен біліктіліктері бар мамандар кіреді.
4. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Орталық комиссияның міндеті және функциялары
5. Орталық комиссияның негізгі міндеті базалық жобалау құжаттарына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға) немесе әзірлеу талдауларына (бұдан әрі – Жоба) мемлекеттік сараптаманы жүргізу болып табылады.
6. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын Жобаларды қарайды және олар бойынша сараптамалық қорытынды береді;
2) жер қойнауын пайдалану мәселелері, оның ішінде инновациялық технологиялар мен әдістер бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының, жер қойнауын пайдаланушылардың және ғалымдардың баяндамаларын тыңдайды;
3) Жобалардың ережелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарайды және олар бойынша ұсынымдар береді;
4) қажет болған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жұмыс топтарын құруды ұсынады.
7. Орталық комиссия өзінің қызметі шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардан және Жобалар авторларынан қосымша ақпарат пен материалдарды сұратуы мүмкін.
3-тарау. Орталық комиссияның жұмыс регламенті мен іс қағаздарын жүргізуі
8. Жер қойнауын пайдаланушы Орталық комиссияға Жобаны, Жобаға аннотацияны, сондай-ақ осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуге өтінішін жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдар 1(бір) данасын, қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC және PDF форматтарында) жіберіледі.
9. Орталық комиссияға мыналар:
1) ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
2) сынамалап пайдалану жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
3) көмірсутектер кен орнын игеру жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
4) Кодекстің 142-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, көмірсутектер кен орындарын әзірлеуге талдаулар ұсынылады.
10. Барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтыруларға) мемлекеттік сараптама оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап – 2 (екі) ай ішінде, ал сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына 3 (үш) ай ішінде жүргізіледі.
Сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі Орталық комиссияның шешімі бойынша 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.
11. Орталық комиссия Жобаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін базалық жобалау құжаттарының және әзірлеу талдауларының тәуелсіз сараптама Операторына жібереді.
Орталық комиссияның қызметін ұйымдастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
12. Орталық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда – төрағаның орынбасары:
1) Орталық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Орталық комиссияның жұмысын жоспарлайды;
3) Орталық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді.
13. Орталық комиссияның хатшысы:
1) Орталық комиссия отырысын өткізу күні мен орны туралы Орталық комиссия мүшелеріне жазбаша немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды;
2) Орталық комиссия отырысын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады, Орталық комиссия отырысының нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды ресімдейді;
3) Орталық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
14. Мемлекеттік қызметшілерді және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, басқа жерде тұрақты тұратын Орталық комиссия мүшелерінің Орталық комиссияның отырысына қатысуға байланысты шығыстарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейді.
Бұл ретте шығыстарды өтеу сомасы жобалары Орталық комиссияның тиісті отырысында қаралатын жер қойнауын пайдаланушылар арасында тепе-тең бөлінеді.
15. Жобаға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері Орталық комиссияның отырысында тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен бірге қарау арқылы айқындалады.
16. Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін негіз мыналар:
1) Жобаның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;
2) Жобаның көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға мазмұны, құрылымы және ресімделуі жағынан сәйкес келмеуі;
3) Жобаның жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;
4) кен орнын әзірлеу жобасында ұсынылған барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;
5) Жобада ұсынылған жобалау шешімдерінің сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы;
6) сынамалап пайдалану жобасы үшін – геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы;
7) кен орнын игеру жобасы үшін – геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы.
Жобаның мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және Жобаны пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі.
17. Орталық комиссия отырысын оның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары өткізеді.
18. Орталық комиссияның отырысында Жоба авторлары мен жер қойнауын пайдаланушы қаралатын мәселенің негізгі ережелерін баяндайды.
Жобаға тәуелсіз сараптама жүргізген тәуелсіз сарапшылар өзінің тәуелсіз сараптама қорытындысын түсіндіру үшін Орталық комиссияның отырысына шақырылады.
Орталық комиссия мүшесінің Орталық комиссияға Жобаны ұсынған жер қойнауын пайдаланушыға немесе жобалау ұйымына қатысты мүдделер қақтығысы болған кезде, сондай-ақ Орталық комиссияның мүшесі тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған жағдайда, Орталық комиссияның мұндай мүшесі қаралатын Жобаға қатысты дауыс беру құқығынан айырылады.
19. Сараптамалық қорытынды Орталық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады. Орталық комиссия отырысының кворумы үшін Орталық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы қажет.
Кворум болмаған жағдайда, Орталық комиссияның отырысы отырыстың тағайындалған күнінен кейінгі күнге ауыстырылады. Бір отырысты екі реттен асырмай ауыстыруға жол беріледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Орталық комиссия хатшысының дауыс беру құқығы болмайды.
20. Орталық комиссияның сараптамалық қорытындысы отырыс өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
21. Орталық комиссияның сараптамалық қорытындысына Орталық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда – оның орынбасары, сондай-ақ хатшы қол қояды.
Дауыс беру нәтижелері Орталық комиссия сараптамалық қорытындысының ажырамас бөлігі болып табылатын дауыс беру парағында көрсетіледі.
22. Орталық комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін Жобалар, есептер, аннотациялар, презентациялық және қосымша материалдар жер қойнауын пайдаланушыларға қайтарылады.
23. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі Жобаларды электрондық форматта сақтауды жүзеге асырады.
24. Жобалардың авторлары мен жер қойнауын пайдаланушылар Жобаларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC және PDF форматтарында) сақтауды қамтамасыз етеді.
  • 1
Қазақстан Республикасының көмірсутек кен
 орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі
 орталық комиссия туралы ережеге
қосымша
Нысан
Мемлекеттік сараптама жүргізуге өтініш
_________________________________________________________________ 
( базалық жобалау құжатының немесе әзірлеу талдауының атауы )  
1. Жер қойнауын пайдаланушы ______________________________________
2. Жер қойнауын пайдалануға _______________________________________ 
( құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы )  
____________ арасында жасалған _______________________ келісімшарт. 
(күні)  
3. Базалық жобалау құжатын немесе әзірлеу талдауын әзірлеуші жобалау ұйымының атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құжатты   ұсынатын   кәсіпорын   басшысының   тегі ,  аты ,  әкесінің   аты  
( бар болған жағдайда ) және  қолы