• Мое избранное

Отправить по почте

1

Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20123 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы 2011 жылғы №23 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №187 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 болып тіркелді 2011 жылғы 8 маусымда №180 (26601) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) күші жойылды деп есептелсін.
3. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 наурыздағы № 211
бұйрығымен бекітілген
1
Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері
Осы Негіздер өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 жылғы № 726 Бұйрығымен (13.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.11.2020 жылдан бастап)
Осы Негіздер өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығымен (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Негіздер жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 17.01.2023 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (14.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі-Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленген және ол бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу тәртібі мен ішкі істер органдарына түсетін тұлғалардың одан өту шарттарын, сондай-ақ білім алушыларды бастапқы кәсіби даярлықтан шығару негіздемелерін айқындайды.
2. Ішкі істер органдары (бұдан әрі-ІІО) қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына кандидаттардың қабылдануы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі -ІІМ) білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң ғана жүзеге асырылады.
3. Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2-тарау. Алғашқы кәсіптік даярлауға іріктеуді ұйымдастыру
4. ІІМ орталық аппаратының кадр саясаты бөлінісі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтерінің бөліністері берген өтінімдер негізінде келесі күнтізбелік жылға арналған алғашқы кәсіби оқытудың жоспар-кестесін әзірлейді және ішкі істер Министрі бекітеді.
5. ІІМ-нің білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіптік оқытуға кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру бос лауазымдары бар ІІМ ведомстволары, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
6. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметіне жүктеледі және өзіне бірқатар іс-шараларды қамтиды:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 544 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын, оның ішінде электрондық форматта қабылдау;
4) қызметке жарамдылығын анықтау және полиграфологиялық зерттеу үшін кандидаттарды ІІО әскери-дәрігерлік комиссияларына (бұдан әрі – ӘДК) медициналық куәландыруға жіберу;
6) алғашқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеуді жүргізу;
7) іріктелген кандидаттарды ІІМ білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу.
7. Халықты хабардар ету бос лауазымдар және оларға қойылатын біліктілік талаптары, ІІО-ға қызметке қабылдаудың тәртібі және қызмет шарттары туралы мәліметтерді, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтиды.
8. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметтеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш;
2) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған немесе басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
8) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
9) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 544 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады;
13) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
9. Осы бұйрықтың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін кандидатқа:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларға (бұдан әрі – ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту үшін жолдама беріледі.
Кандидаттың медициналық куәландыру нәтижелері туралы ӘДК үш күндік мерзімде ІІМ ведомстволарының, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің кадр қызметіне хабарлайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘДК-ден өткеннен кейін ІІО тиісті бөлінісіне полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдама берілді.
10. Заңның 11-бабының 6-тармағынасәйкес кандидат ІІМ білім беру ұйымында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша міндеттеме қабылдайды.