«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № ҚР ДСМ-16/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 наурызда № 20131 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – МСАК КЖН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК субъектісіне «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – БХТ) тіркелген, МСАК КЖН кепілдік берілген компонентінен және МСАК КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын, бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ауыл халқына көрсетілетін МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;»;
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) базалық мөлшерлеме – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек деңгейінде бір емделіп шығу жағдайына есептегендегі медициналық көмек көрсетуге арналған қаржы қаражатының орташа көлемі;»;
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір адамға арналған кешенді тариф – адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі – ЖИТС) ауыратын науқастарға ТМККК шеңберінде клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын бір АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын адамға есептегендегі медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) АИТВ/ЖИТС бойынша халықты зерттеп-қарауға арналған тариф – АИТВ/ЖИТС-қа зерттеп-қарау бойынша бір өтініш білдірушіге есептегендегі көрсетілетін қызметтердің құны;
15-2) Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге арналған кешенді тариф – Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге есептегендегі ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;»;
2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) психикалық денсаулық орталығының бар бір науқасына арналған кешенді тариф – Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберінде психикалық денсаулық орталығының бар науқастарына медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;»;
2-тармақтың 26) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызметтер беруші қор медициналық құжаттаманы сұратқан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде қордың мекенжайына сұратылған құжаттардың электрондық сканерленген көшірмелерін ұсынады. Қор сұрау салуды ресми хатпен жүзеге асырады.
Құжаттардың электрондық сканерленген көшірмесі қызметтер берушінің мекенжайына қайтаруға жатпайды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасы көрсетілетін медициналық көмектің нысанына қарай әрбір жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына жеке қалыптастырылады, оған қордың уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды және қызметтер берушіге танысу үшін беріледі.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында мыналар:
1) өзге де төлемдер – сот органдарының шешімі, жүргізілген төлемдер бойынша өткен төлем кезеңдері үшін салыстыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты не осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша төленуге жататын сомаларды қайта есептеу нәтижелері болған жағдайда;
2) өзге де шегерімдер – сот органдарының шешімі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жылдық сомасы асып кеткен, жүргізілген төлемдер бойынша өткен төлем кезеңдері үшін салыстыру нәтижелері, есепті кезең жабылғаннан кейін нысаналы мониторинг немесе жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша айыппұл санкциялары қолданылған, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты не осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша төленуге жататын сомалар қайта есептелген жағдайларда көрсетіледі.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Қол қойылған көрсетілген қызметтердің актілері бойынша ақы төлеуді қор есепті кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктегі қызметтер беурішінің есеп айырысу шотына немесе медициналық қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражатты есептеу және жұмсау бойынша банк операцияларын жүргізу үшін ашылған қолма-қол бақылау шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Қайта түзетілген шот-тізілім ұсынылған жағдайда және еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген негіздер бойынша ақы төлеу түзетілген шот-тізілім ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Қызметтер беруші көрсетілген қызметтер актісімен келіспеген жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қорды бас тарту себептерінің негіздемесімен және бас тарту себебін растайтын есеп айырысулар мен құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.
Қор көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан бас тартуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы қызметтер берушіге хабарлайды:
- көрсетілген қызметтер актісін түзету және көрсетілген қызметтер актісін шешімнің дұрыстығын растайтын есептер мен құжаттарды қоса бере отырып, қол қоюға қайта жіберу;
- көрсетілген қызметтер актісін оған осындай шешімнің негіздемесі бар өзгерістер енгізбей қайта жіберу.
Қол қойылған көрсетілген қызметтер актілері бойынша ақы төлеу мерзімі қор мен қызметтер берушінің көрсетілген қызметтер актісіне қол қою бойынша келісімге қол жеткізуге жұмсалған уақыт кезеңіне ұзартылады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Бірлесіп орындаушының көрсетілген қызметтеріне ақы төлеуді қызметтер берушілер, бірлесіп орындаушының туберкулезбен, психикалық және мінез-құлық бұзылулары және ПБӘ заттарды тұтынудан туындайтын психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету кезіндегі көрсетілген қызметтерін қоспағанда, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтердің мөлшерінен аспайтын тарифтер бойынша жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
«47-1. Бірлесіп орындаушының қызметтеріне ақы төлеу бірлесіп орындау шартында көзделген соманың шегінде жүзеге асырылады;»;
48-тармақ мынадай редкцияда жазылсын:
«48. Қызметтер берушілердің – МСАК және бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – МСАК субъектілері) қызметтеріне ақы төлеу:
1) бекітілген халыққа АЕК көрсеткені;
2) жеделдігі 4 санаттағы шақыруларға қызмет көрсету үшін бекітілген халыққа тәуліктік кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсеткені;
3) ақуыз мөлшері төмен мамандандырылған емдік өнімдермен және фенилаланин мөлшері төмен өніммен қамтамасыз еткені үшін көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 48-1, 48-2, 48-3 және 48-4-тармақтармен толықтырылсын:
«48-1. Бекітілген халыққа АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу МСАК КЖН тарифі бойынша жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шығындары кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша қалалық маңызы бар, аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтер кешені үшін ақы төлеу кезінде ескерілетін қызметтер тізбесі бойынша бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін қамтамасыз ету.
2) № 429 бұйрықпен және Тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде айқындалған тәртіппен МСАК субъектілері қызметінің қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін МСАК қызметтерін көрсететін қызметтер берушінің қызметкерлерін ынталандыру (бұдан әрі – МСАК қызметкерлерін ынталандыру).
48-2. Жеделдігі 4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін бекітілген халыққа тәулік бойы кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу кезек күттірмейтін көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |