Toggle Dropdown
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 наурызда № 20144 болып тіркелді
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілік тізбесі, ұсыну мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп» нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп» нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері қозғалысының болжамы» нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер» нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы мәліметтер» нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері туралы мәліметтер» нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік қатер түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік төлемдерді алушылар санының және сомаларының динамикасы» нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына қайтарылған артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасының түсуі туралы мәліметтер» нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы есеп» нысаны айқындалсын.
2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 101 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілік тізбесі, ұсыну мерзімдері
|
№
|
Атауы
|
Есептілікті ұсыну мерзімдері
|
|
1.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7 жұмыс күні ішінде
|
|
2.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп
|
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік айдың 15-күні
|
|
3.
|
Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп
|
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік айдың 15-күні
|
|
4.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтер қозғалысының болжамы
|
жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін
|
|
5.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күні
|
|
6.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы мәліметтер
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күні
|
|
7.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері туралы мәліметтер
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күні
|
|
8.
|
Әлеуметтік қатер түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік төлемдерді алушылар санының және сомаларының динамикасы
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күні
|
|
9.
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына қайтарылған артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасының түсуі туралы мәліметтер
|
есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күні
|
|
10.
|
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы есеп
|
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік айдың 15-күні
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 101 бұйрығына
2-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп
Есепті кезең: 20___ жылғы ________ айына
Кім ұсынады: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7 жұмыс күні ішінде
|
|
(мың теңге)
|
|
№№
|
Баптардың атауы
|
Есепті кезеңнің басына (01.01.20 _ ж. ға)
|
Есепті кезеңнің соңына
|
|
|
|
АКТИВТЕР
|
|
|
|
|
1
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарындағы ақша
|
|
|
|
|
2
|
Орналастырылған салымдар
|
|
|
|
|
3
|
Өзгерістері кірістер немесе шығындар құрамында көрінетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар
|
|
|
|
|
4
|
Әділетті құнмен бағаланатын, өзгертілуі басқа жиынтық табыс арқылы көрсетілетін бағалы қағаздар
|
|
|
|
|
5
|
Амортизациялық құнмен есептелетін бағалы қағаздар
|
|
|
|
|
6
|
«Кері репо» мәмілелері бойынша дебиторлық берешек
|
|
|
|
|
7
|
Басқа активтер
|
|
|
|
|
88
|
Активтердің жиыны (1+2+3+4+5+6+7)
|
|
|
|
|
|
ПАССИВТЕР
|
|
|
|
|
99
|
Әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелер, оның ішінде:
|
|
|
|
|
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдай
|
|
|
|
|
асыраушысынан айырылған жағдай
|
|
|
|
|
жұмысынан айырылған жағдай
|
|
|
|
|
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайлар
|
|
|
|
|
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай
|
|
|
|
|
10
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерінен есептелген комиссиялық сыйақы бойынша кредиторлық берешек
|
|
|
|
|
11
|
Басқа міндеттемелер
|
|
|
|
|
12
|
Провизиялардың барлығы, оның ішінде:
|
|
|
|
|
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда
|
|
|
|
|
асыраушысынан айырылған жағдайда
|
|
|
|
|
жұмысынан айырылған жағдайда
|
|
|
|
|
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайлар
|
|
|
|
|
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай
|
|
|
|
|
13
|
Резервтер
|
|
|
|
|
14
|
Қаржы құралдарын қайта бағалау резервтері
|
|
|
|
|
15
|
Резервтің қажетті ең аз мөлшері
|
|
|
|
|
16
|
Пассивтердің жиыны (9+10+11+12+13+14+15)
|
|
|
|
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамының Бас директоры
____________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
Бас бухгалтер (құрылымдық бөлімшенің басшысы)
____________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(қолы)
Мөр орны
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» 1-қ
нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы Есепке қосымшада берілген
«Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры» акционерлік
қоғамының активтері мен
пассивтері жөніндегі есеп»
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» № 1-қ нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» № 1-қ нысанын (бұдан әрі – № 1-қ нысан) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын, есепті айдан кейінгі күнтізбелік айдың 7-күнінен кешіктірмей ұсынады.
2. № 1-қ нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оны ауыстыратын адам), қаржылық есептілік деректердің дәйектілігін және оның уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ететін бас бухгалтер мен құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және Қордың мөрімен куәландырылады.
3. № 1-қ нысаны былайша толтырылады:
«№» 1-бағанда реті бойынша нөмірлер көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірі үзіліссіз көрсетіледі;
«Активтердің жиыны» деген 8-жол бойынша 1,2,3,4,5,6,7-жолдарда көрсетілген активтердің барлық баптары бойынша қорытынды сомасы көрсетіледі;
«Алушылардың әлеуметтік төлемдер бойынша талаптарының жиынтығы, оның ішінде» деген 9-жол бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына берілген әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражат көрсетіледі;
«Провизиялар» деген 12-жол бойынша алушыларға болашақ әлеуметтік төлемдердің келтірілген құны актуарлық есептер қолданылып көрсетіледі;
«Резервтер» деген 13-жол бойынша Қордың активтері мен провизияларының айырмашылығы көрсетіледі;