• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 19722 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:  
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
1 "Салықтық түсімдер" санатында:
01 "Табыс салығы" сыныбында:
1 "Корпоративтік табыс салығы" кіші сыныбында:  
10 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы";
мынадай мазмұндағы 11- ерекшелікпен толықтырылсын:
"11 Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
03 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:
330 "Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер" кіші сыныбында:
337 "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер" ерекшелігі алып тасталсын:
6 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" санатында:
08 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" сыныбында:
810 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" кіші сыныбында:
811 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" ерекшелігі алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 812, 813, 814 және 815-ерекшеліктермен толықтырылсын:
"812 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
813 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
814 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау  
815 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
330 "Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер" кіші сыныбы бойынша:
337 "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер" ерекшелігі анықтамасымен алып тасталсын;  
810 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" кіші сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:  
"

810

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау




 

812

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау




 

813

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау




 

814

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау




 

815

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау

 

".

2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:  
1 "Салықтық түсімдер" санатында:
01 "Табыс салығы" сыныбында:
1 "Корпоративтік табыс салығы" кіші сыныбында:
10-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:  
"

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

1

01

1

10

100




 




 




 




 




 




 

 

";

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

1

01

1

11




 

Облыстық мәслихат белгілеген бөлу нормативтері бойынша

100

Облыстық мәслихат белгілеген бөлу нормативтері бойынша




 




 




 

 

".

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1370 бұйрығына
қосымша
 
Құжат қосымшаларын PDF форматында қараңыз.