Toggle Dropdown
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20184 болып тіркелді
Редакция 30.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 254 бұйрыққа
1-қосымша
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары
1. Осы «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесінен тұратын ақпараттық жүйе;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда өтеулі көрсетілетін қызметтер щеңберінде төлем жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттың жүйе;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіне мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» (бұдан әрі – негізгі талаптар Тізбесі) келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) негізгі талаптар Тізбесінің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшыларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу немесе жасау немесе сату немесе коллекцияға жинау немесе экспонаттау, күзет қызметі, ақшалай қаражатты инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, өндірістік-техникалық базаға, мамандандырылған шеберханаға, қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға, коллекцияға жиналанатын қаруды сақтауға арналған үй-жайларға, күзет сигнализациясымен, кілтке жабылатын сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың болмауы туралы мемлекеттік алымның төленгені, жоғары техникалық білімінің болуы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет «шлюзі» арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – бас тарту) нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды. Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – №5 бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестілігін растайтын құжаттар тізбесін сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
Бұл ретте, 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық Ұлттық қауіпсіздік органдарына және полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөлімшелеріне экстремизмге мен терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласының есепке алулары бойынша қаруға рұқсат алатын адамдарды тексеру үшін сұрау сауалар жіберіледі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және ішкі істер органдарының ақпараттық жүйелері бойынша соттылығының және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеру жүргізіледі.
Сонымен қатар қару мен оның патрондарын сақтау, сақтау және есепке алу шарттарының тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 602 Бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарының сәйкестігін мекенжайға дербес шыға отырып немесе қалалық және аудандық полиция органдарының бөлімшелеріне сұрау салу жіберу арқылы тексеруді жүзеге асырады, тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – № 313 Бұйрық) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшадағы нысан бойынша объектіні тексеру туралы акт толтырылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары және полиция органдарының бөлімшелері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес белгіленген мерзімде 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда лицензия беру келісілген болып есептеледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеріс нәтижелерін қарап және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру бойынша дайындайды.
Негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.