• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20298 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлецметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 3 сәуірі
№ 124 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына
қосымша
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) әлеуметтік төлем жүзеге асыралады.
3. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;
2) карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – БЖТ төлеуші);
6) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
7) мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері.
4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлердің өздері бермеген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтар (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штабтар) әлеуметтік аударымдар төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды, олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы болып табылады.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.
1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;
2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілері;
3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға тағайындалмайды.
7. Әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті жұмыскерлердің өздері бермеген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында аталған адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде тағайындалады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.
8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер жұмыскерлердің жалақы сақталмайтын демалыста жүргені туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті аудандық (қалалық) штабқа жібереді.
9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтінішті жұмыскерлердің өздері берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
10. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі арқылы беріледі:
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;
Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген ақпарат диалог форматында ұсынылады;
4) осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес берілген өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.
Бұл ретте, егер осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болса, сондай-ақ қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі қызметкерлерге автоматтандырылған режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар қалыптастырады.
11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш Мемлекеттік корпорацияның филиалына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
12. Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб келесі жағдайларда шығарады:
2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне немесе карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектісіне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жатпайтын болса;
3) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылса.
13. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайдың әрекет ету мерзімі ұзартылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін ұзартылады.
14. Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініштерді, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші берген жағдайда аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ) жасайды, онда осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген өтініштен тағайындау үшін қажетті мәліметтер, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші ұсынған жағдайда аудандық (қалалық) штаб қорытындысынан мәліметтер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 3-тармақта көрсетілген әр адамға жеке әлеуметтік төлемдерді тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы автоматты түрде енгізіледі.
15. Қор филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарт болған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік корпорация Қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімдер негізінде бір жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын әлеуметтік төлемдерге қажеттілікке енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті күн сайын қалыптастырады.
17. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.
18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, бір жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдерге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына қаражат аудару жолымен алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомалары бойынша, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
19. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңінде күн сайын жүзеге асырылады.
20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек демалысында жүрген жұмыскерлердің тізімінде бар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама болған кезде осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көрсетілген адамдарға қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті
 әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға
 және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету)
 болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы
 шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
 Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________№ __ қорытындысы
 Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб 
төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге 
________________________________________________________ 
(ұйымның атауы/өтінім берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)
өтінішін қарап, Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы 
жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, 
салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру 
қағидаларының 4-тармағы негізінде ұсынылған тізім бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше 
жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау 
жолымен төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін анықтау 
туралы қорытынды шығарады.
Комиссия мүшелері*: ______________________________ 
_______________________________ 
________________________________ 
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті
 әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға
 және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету)
 болып табылатын азаматтық-құқықтық
 сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ 
ЖСН _______________________ 
Банктің атауы ___________________ банк шотының нөмірі__________ 
Пошта мекенжайы (көсретілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы) 
_____________________________________________________________________ 
Телефон ____________________ E-mail ________________________________
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында 
жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірісімнен айырылғанымды растаймын.
Өтінім берушінің қолы _____________________________________ 
(SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті
 әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға
 және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету)
 болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
 бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін
 міндетті зейнетақы жарналарын төлеген
 жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
__________________________________ аудандық (қалалық) штабқа 
(аудан, қала) ___________________________________________________________________ 
(ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса)) 
Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы:_____________________________
(аудан, қала) 
E-mail __________________________ Телефон __________________________
Жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты 
кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау жолымен төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне 
байланысты кірісімнен айырылу себебінен әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Мобильді телефон нөмірі


 


 


 


 


 


 

Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ұйымның басшысы _______________________________________ 
(SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру
 жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау
 (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық
 сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік
 төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама
 __________________________________________________________________
 (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)

Төлеушінің атауы

Әлеуметтік аударымдар/міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні

Төлеушінің БСН немесе ЖСН

Әлеуметтік аударымдар

Міндетті зейнетақы жарналары

Кезең (ай және жыл)

Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге)

Міндетті зейнетақы жарналары ның сомасы

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі
Соңғы 24 айдағы әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін орташа айлық 
кіріс__________________________________________
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік
 сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және
 нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып
 табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
 бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін
 міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке
 тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше 
жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе 
тағайындаудан бас тарту туралы 20____ жылғы «___» ___________ № ___ 
ШЕШІМІ
1. Тағайындалсын (бас тартылсын): 
Істің № ______________________ 
Тегі_______________________________________________________ 
Аты____________________________________________________________ 
Әкесінің аты (бар болса)________________________________________ 
Туған күні __________________ жынысы ____________________________ 
(күні, айы, жылы) (әйел, ер) Жүгінген күні: 20___ жылғы _________________________________________.
20___ жылғы « »________________жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/жинақтаушы 
зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ай.
20___ жылғы « »_______________ мен 20___ жылғы « »_____________ аралығындағы төтенше жағдай 
кезеңінде әлеуметтік төлемнің мөлшері ______________________________________сомасында. 
(сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)
2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын
____________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы 
_______________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы 
_______________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))