Bestprofi Logo

Қаулы № 46 от 2020-03-30г./Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20229 болып тіркелді

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылғы ____ ____________

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2020 жылғы ____ ____________

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы  № 46 Қаулыға 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар

1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі;

2) Басқарма қаулысы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

4) өтінішті қараудан бас тарту – өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту;

5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

6) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі

3. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш және оған қоса берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.

4. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакеті тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың жарамдылық мерзімін тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені жағдайда анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішін одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қоғамға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Басқарманың қаулысын қабылдайды, оны 40 (қырық) жұмыс күні ішінде тіркеуді жүзеге асырады.

5. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган портал арқылы көрсетілген қызметті алушыға осы ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып хат жібереді.

Көрсетілген қызметті алушы ескертулерді жояды және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды портал арқылы уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынады.

6. Жауапты бөлімшенің қызметкері Басқарманың қаулысы қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

8. Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатты бұрын алған, кейіннен ұйымдардың капиталына қомақты қатысу белгілері ғана бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті орган еншілес ұйым құруға немесе иеленуге бұрын берген рұқсаттың қолданылуын тоқтату және ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы өтінішхатты көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсына отырып ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

10. Еншілес ұйымның немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

11. Еншілес ұйымның бизнес-жоспары тек мыналармен шектелмейді, мынадай ақпаратты қамтиды:

көрсетілетін қызметтердің мақсаты, міндеттері мен түрлерінің сипаттамасы;

еншілес ұйымның қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

еншілес ұйымның жуық арадағы бес қаржылық (операциялық) жылға қызметін дамыту стратегиясы және ауқымы;

жуық арадағы бес қаржылық (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері және көлемі);

тәуекелдерді басқару жоспары (еншілес ұйымның қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және оларды жуық арадағы бес қаржылық (операциялық) жылға басқару тәсілдері;

жуық арадағы бес қаржылық (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары;

өтініш берушінің және еншілес ұйымның ол құрылғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжанған есептік балансын қоса алғанда, сондай-ақ өтініш берушінің еншілес ұйымның активтерін сату немесе еншілес ұйымды басқару қызметінде маңызды өзгерістер енгізу жоспары мен ұсынысы болған кезде өтініш берушінің еншілес ұйымын құрудың, иеленудің қаржылық салдарын талдау;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжамды болуы нәтижесінде өтініш беруші құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциалдық нормативін есептеу;

Бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (ірі акционерлерінің) немесе жалғыз қатысушысының қолымен расталады.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі оның жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлға туралы деректер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Мұндай талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін және акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленген немесе ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысқан жағдайларға қолданылады.

4-тарау. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі

13. Уәкілетті орган Заңның 32-бабының 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша еншілес ұйым құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаттың күшін жояды.

14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда Заңның 32-бабының 13-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларға тиесілі акциялар (қатысу үлесі) иеліктен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еркін нысанда хабарлама ұсынады.

15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Заңның 32-бабы 13-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішхатты ұсынады.

5-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

16. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

17. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жіберген кезде, уәкілетті орган өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілім, тіркеу, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы хабарлама) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға 1-қосымша

Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға өтініш

___________________________________________ (өтініш берушінің атауы)

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (немесе) сақтандыру холдингінің уәкілетті органының ______ жылғы «____»_________ №_____ шешіміне сәйкес құруға немесе иеленуге рұқсат сұрайды

құрылатын (сатып алынатын) еншілес ұйымның атауы, орналасқан жері

еншілес ұйымның бизнес - сәйкестендіру нөмірі (бар болса))

Өтініш берушінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ өзі сатып алынатын акциялардың саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) туралы ақпарат)_____________________________________ ____________.

Сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпарат (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ өтініш берушінің жарғылық капиталдағы қатысу үлесі немесе сатып алынатын еншілес ұйымның акциялар саны туралы, еншілес компанияны сатып алу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат____________________________ __________________.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дұрыстығын, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылуын растайды.

Біз ақпараттық жүйелерде құпиямен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын адам)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға 2-қосымша

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының атына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы хат (хабарлама) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мөлшерлеме 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

2) уәкілетті органның – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:

1) банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің немесе Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфель басқарушысының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Қағидаларға) 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған кезде:

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);

Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);

бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар;

3) өзге жағдайларда:

Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);

Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;

иеленген еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылындағы, аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында есептілік болмаған жағдайда);

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);

өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы, электрондық құжат нысанындағы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);

еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасының оларға және сақтандыру тобына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген электрондық құжат түріндегі талаптарды орындауға мүмкіндік бермеуіне байланысты, сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізуге мүмкін емес екенін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат;

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;

бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар.

Егер құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі осы ұйымдардың капиталында қомақты үлесті иеленсе, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға өтінішпен бірге «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заңы) 26-бабының, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының талаптарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға құжаттар ұсынылады.

2. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін:

1) банк холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуы бар банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) банкті немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-инвестициялық портфельді басқарушыны иеленген жағдайда:

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

2) өзге жағдайларда:

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

еншілес ұйымды құру туралы шешім қабылданған не еншілес ұйым сатып алған жағдайда оны сатып алу туралы шешімнің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәлімет болмаған кезде);

еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасы оларға және сақтандыру тобына заңнаманы сақтауға мүмкіндік бермегендіктен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін еместігін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат электрондық құжат нысанындағы талаптар;

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (инвестициялық портфелді басқарушының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда ұсынылмайды) басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;

өтініш берушінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған кезде);

Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы заңды тұлға туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан түрінде ұйымның капиталында қомақты қатысуды алады (бірнеше заңды тұлғалардан қомақты қатысуды иеленген жағдайда).

Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 32-бабында көрсетілген талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы;

2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):

мінсіз іскерлік беделі жоқ, оның болмау өлшемшарттары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы заңының 20-бабының 7-тармағына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 7-тармағына және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі заңының 54-бабының 6-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде белгіленген;

уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Аталған талап қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай бойы қолданылады;

сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;

қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап осы абзацта көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

5) еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы;

6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;

7) еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

8) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.

Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иемденуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға 3-қосымша

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) туралы ақпарат

(еншілес ұйымның/ капиталына қомақты қатысуы болатын ұйымның атауы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Туған күні мен жері

 

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болғанда)

 

Оқу орнының атауы

Түскен күні - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

1

2

3

4

5

 

 


 


 


 

3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

 

 


 


 


 

4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

 

 


 


 

Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) бүкіл еңбек қызметі, сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі, оның iшiнде еншілес ұйымдағы лауазымын немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазымды көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

6. Еншілес ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

 


 


 


 


 

7. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) жасаған қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәлімет, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжатты қоса бере отырып ұсынылады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).

Осы құжат азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органының уәкілетті органға жауап жіберу арқылы ұсынылуы мүмкін.

8. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бұдан бұрын, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (банк, сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер

(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бұдан бұрын, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштенон мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер.

(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қаржы ұйымының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) басшысы ретінде қаржы ұйымының (банк холдингінің, сақтандыру холдингінің) қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма)

иә (жоқ), күнін, ұйымының атауын, сот талқылауындағы жауапкердің атын, қаралатын мәселені және заңды күшіне енген сот шешімін (егер ол шығарылған жағдайда) көрсету керек)

11. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы,

жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

(еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға 4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі оның жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлға туралы деректер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы көрсетілетін қызметті алушының үлестік қатысу мөлшері туралы ақпарат (пайызбен)

Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесін сатып алу бағасы (теңгемен)

Заңды тұлғаның акциялары саны туралы ақпарат (дана)

Заңды тұлғаның акцияларын сатып алу бағасы (теңгемен)

Сатып алынған акциялардың заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына пайыздық қатынасы (артықшылықты және сатып алған акционерлік қоғамды есептемегенде) заңды тұлға (пайызбен)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Заңды тұлғаның меншік үлесінің мөлшері туралы ақпарат (пайызбен)

Басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акцияларды сатып алу бағасы

(теңгемен)

Заңды тұлға сатып алған акциялар саны туралы ақпарат (дана)

Заңды тұлға сатып алған акцияларының бағасы

(теңгемен)

Заңды тұлға сатып алған акциялардың жалпы санына сатып алынған акциялардың пайызы (компания артықшылықты және сатып алғанын есептемегенде), пайызбен

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы  № 46 Қаулыға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына 2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптар

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтінішке (бұдан әрі – өтініш) атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функцияларын тек жеке тұлға жүзеге асыратын адам, сондай-ақ басқару органының басшысы (бар болса) қол қояды және мыналарды қамтуы тиіс:

2) өтініш берушінің уәкілетті органының шешімінің нөмірі мен күні;

4) ұйымның жарғылық капиталының мөлшері (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте көрсетілмеген болса), сондай-ақ өтініш берушінің жарғылық капиталдағы үлесі немесе ұйым акциялары саны туралы, ұйымға елеулі қатысу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттарды ұсынудың уақтылығын растау;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін;

8) өтінішке қоса берілетін құжаттардың атаулы тізбесі (әрқайсысына дана мен парақтар саны).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание