• Мое избранное
«Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20193 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6681 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 12 қаңтарда №7-8 (26428-26429 болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 496 бұйрығымен бекітілген
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;
2) пана іздеген адам (бұдан әрі – адам) - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;
4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;
5) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
6) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі
3. Босқын мәртебесін алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасына келісімен күнтізбелік бес күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген сәттен бастап осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін өзі немесе осыған уәкілетті өкіл уәкілетті органның аумақтық бөлінісі – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – КҚҚБ) береді.
Адамның бақылауға алуына келмейтін және оның өтінішхатпен уақтылы өтініш білдіруіне мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күштер (жер сілкінісі, теңіз дауылы, су тасқыны, соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер және т.б.) болған кезде өтініш білдіру мерзімі еңсерілмейтін күштің әрекетіне тең кезеңге ұзартылады.
4. Процесс сипаттамаларын, нысанын, көрсетудің мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді енгізетін мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар тізбесі «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
5. Уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. КҚҚБ бастығы бөліністің жауапты орындаушысын айқындайды.
6. КҚҚБ қызметкері өтінішхатты қабылдау кезінде «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оның құқықтарымен және мінлеттерімен таныстырады.
7. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеген күні «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.
Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, КҚҚБ басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.
Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
8. Өтінішхат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады және адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер адам өтінішхатты мемлекеттік немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса не сауатсыз болса, онда өтінішхатты өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.
Адам, онымен бірге келген отбасы мүшелері өтініш білдірген күні аудармашыны ұсыну мүмкін болмаған не оларда жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдау күні мен уақыты адаммен, оның ішінде телефон арқылы келісіледі.
9. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда бір тәулік ішінде КҚҚБ-ге жүгінуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҰҚК) Шекара қызметінен КҚҚБ-ге келіп түскен өтінішхатты КҚҚБ өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні КҚҚБ-ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.
10 Егер адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты дипломатиялық арналар арқылы КҚҚБ-ге қарауға береді.
11. Егер адам жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы туралы мәлімдесе, ол туралы мәлімет оның сөзінен жазылады және онымен бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізіледі.
12. Өтінішхат отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен қабылданады.
Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттарының негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді.
Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін түрдегі өтінішін ұсынады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау тәртібі