БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20236 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:
«Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді»;
«2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп - тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер танылады.
бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары - бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтары оралман-тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары - адамды сот тәртiбiнде немесе заңмен белгiленген басқа тәртiпте саяси қуғын-сүргiндердiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен деп танылған адамдар.
этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
«3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, азаматтықтан шығу мемлекеттік қызмет болып табылады, оны алу үшін өтініш иесі тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция органдарына өтінішхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасынан, нысанынан, мазмұнынан және нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескерген өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында осы Қағидаларға 1-қосымша нысанында баяндалған.
Аумақтық полиция органдары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыс жазылғандығы тексеріледі.
Ұсынылған құжаттарда толық емес немесе нақты емес мәліметтер анықталған жағдайда олар тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өтініш иесіне дереу қайтарылады.
Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидада көзделген барлық құжаттарды берген сәттен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалдарды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен куәландырылады.
Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналға тіркелуге және қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі – ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана ғана береді.
Анықтамалар берген кезде адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыра тексеру жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселесі бойынша өтінішхаттар (өтініштер) оларды тапсырған сәттен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай ішінде қарастырылады.»;
«4. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша аудандық ішкі істер органы бағыныстылығы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ге жібереді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД азаматтық мәселелер бойынша материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, іс жүргізеді, өтініш беруші адам туралы мәліметтерді «Бүркіт» БАЖ енгізеді, ол бойынша дәлелді қорытынды шығарады және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ) күнтізбелік он күн ішінде жібереді.»;
«7. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша қорытынды ерікті нысанда жасалады және ПД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.»;
«11. Аудандық, қалалық ішкі істер органдарында, ПД-де, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір ай, ал жалпы алғанда – алты айды құрайды.
12. Қазақстан Республикасы ІІМ азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін күнтізбелік бес күн мерзімінде материалдарды ұсынған ПД-ге хабарлайды.
ПД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы өтініш иелерінің тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік бес күн мерзімінде оларға қаралған өтінішхаттардың (өтініштердің) нәтижелері туралы хабардар етеді.
Егер адам тұратын жерін өзгерткен болса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қабылданған шешім туралы хабарламаны өтініш берушінің жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына жолдайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының орындалуы туралы ПД Қазақстан Республикасы ІІМ-ге Жарлыққа қол қойылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде хабарлайды.»;
«21. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылғы 26 ақпандағы азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы Келісімге (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған) (бұдан әрі – Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібіне Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматтары жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян (ерікті нысанда);
3) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
6) жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |