Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20251 болып тіркелді
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген
Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтері
1. Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нормативтерде пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар:
1) алу коэффициенті – бұл аулауға рұқсат етілген, кәсіптік балық қоры биомассасының үлесі;
2) кәсіптік қор биомассасының қауіпті көрсеткіші – бұл кәсіптік қордағы шекаралық бағдар, балық қорының азайған бөлігі оған жеткен кезде балық қорын қалпына келтіру мақсатында басқару шешімдерін қабылдау қажет;
3) максималды саны – бұл белгілі бір уақыт аралығында, балық шаруашылық зерттеулер жүргізу барысында анықталған, балық популяциясының кәсіптік қорының максималды сандық көрсеткіші (және/немесе биомассасы);
4) минималды саны – бұл белгілі бір уақыт аралығында, балық шаруашылық зерттеулер жүргізу барысында анықталған, балық популяциясының кәсіптік қорының минималды сандық көрсеткіші (және/немесе биомассасы);
3. Балықтардың азайған қорын қалпына келтіру жөніндегі басқару шешімдері (биомассасы бойынша шекаралық бағдарға жеткен кезде) аталған балық түрлерінің алу коэффициенттерін азайту, келесі күнтізбелік жылға лимиттерді азайтудан немесе балықтардың белгілі бір түрін аулауға мораторий енгізуден немесе су айдынында кәсіптік балық аулауды толық тоқтатудан тұрады.
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы № 82 бұйрығына
қосымша
Балықтардың кәсіпшілік түрлері популяцияларының оңтайлы санының нормативтері
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі
Атырау облысы шегіндегі Жайық өзені
Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені
Шығыс Қазақстан облысы шегіндегі Ертіс өзені
Қаныш Сатпаев атындағы канал
Қызылорда облысы шегіндегі Сырдария өзені
Түркістан облысы шегіндегі Сырдария өзені