«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-23/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20287 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады .
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-23/2020 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-10 бұйрығына
23-қосымша
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтер
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының
пандемиясына байланысты төтенше жағдайда
медициналық және медициналық емес ұйымдарға жүзеге
асырылатын, тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерге арналған тарифтер
1-қосымша
Жылу беру маусымы ұзақтығының коэффициенттері
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының
пандемиясына байланысты төтенше жағдайда медициналық
және медициналық емес ұйымдарға жүзеге асырылатын,
тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде медициналық
қызметтерге арналған тарифтерге
2-қосымша
Экологиялық коэффициенттер
Ақы төлеуі жаңа COVID-19 коронавирусының
пандемиясына байланысты төтенше жағдайда
медициналық және медициналық емес ұйымдарға
жүзеге асырылатын, тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде медициналық қызметтерге
арналған тарифтерге
3-қосымша
Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін түзету коэффициенті