• Мое избранное
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20248 болып тіркелді

Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
  • 1
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  • 1
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «____»____________
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 43 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.09.2020 жылғы № 79 Қаулысымен (өзгерту 24.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысымен (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 жылғы № 2 Қаулысымен (05.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.05.2022 жылғы № 41 Қаулысымен (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (30.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 34-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 4-1-бабына (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды.
Қағида мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) келісім беру тәртібін анықтайды.
Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) жауапты бөлімше – уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;
2) кандидат – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам;
3) келісім – уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі;
4) көрсетілетін қызметті алушы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, сақтандыру брокерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде, сақтандыру холдингінде, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының филиалында басшы қызметкер лауазымын атқаруға ниеті бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, сақтандыру холдингі, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы немесе жеке тұлға;
5) қаржы ұйымы - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы және тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе оларға қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
6) қолданыстағы келісімдер тізілімі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісім тізілімі;
7) өтінішхат – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беруі туралы өтінішхат;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі;
9) портал – «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz;
10) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
3. Уәкілетті органмен келісуге жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің тізбесі Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында және Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында айқындалған.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уәкілетті органмен келісуге жатпайды:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның өкілдері;
2) уәкілетті органмен келісілген лауазымнан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының сол бір органы шеңберінде төмен тұрған лауазымға ауыстырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру холдингінің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының филиалының басшы қызметкерлері;
3) уәкілетті органмен келісілген атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің не басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының екі және одан да көп құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және құжаттарға қол қою құқығына ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшысы лауазымына ауыстырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері, олардың негізінде сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уәкілетті органмен келісілген басшы немесе басшының орынбасары лауазымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының екі немесе одан да көп құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзге басшысы лауазымына ауыстырылған басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының бейрезидент және олардың негізінде сақтандыру қызметі жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие;
5) уәкілетті органмен келісілген атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің не басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымынан еншілес (еншілес) ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге де басшысы лауазымына ауыстырылған сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар.
Осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген басшы қызметкерлер Сақтандыру қызметі туралы заңның 16-2 және 34-баптарында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда келісуге жатпайды.
4. Уәкілетті орган кандидат Сақтандыру қызметі туралы заңның 16-2 және 34-баптарында, Акционерлік қоғамдар туралы заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде келісім береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Келісім (тәуелсіз директор болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда) басшы қызметкер тиісті лауазымға тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры болып табылатын, басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайлауға келісім ол лауазымға сайланғанға дейін не лауазымға сайланғаннан кейін беріледі.
6. Қолданыстағы келісімі бар адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру холдингтерінің және (немесе) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына (бірнеше лауазым) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда қаржы нарығының сақтандыру секторы шеңберінде келісілген, қайта келісусіз тағайындалады (сайланады).
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Сақтандыру қызметі туралы заң 34-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының және Қор туралы заңның 4-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшаларының мақсаты үшін кепілдік беру мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттары мыналар болып табылады:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (28.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
2) кандидаттың қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;
3) кандидат қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, қаржы ұйымына қатысты уәкілетті орган қолданған қадағалау ден қою шараларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамағаны туралы мәліметтердің болуы;
4) кандидаттың төлемге қабілетсіз деп танылған қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға болып табылғандығы туралы мәліметтердің болуы;
5) тұлғаның террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;