ПРИКАЗЫВАЮ:
Отправить по почте
«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20217 болып тіркелді
ПРИКАЗЫВАЮ:
1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
«6) көлік құралын бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;».
3-тармақ 17) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«17) МТНБ телнұсқасы – бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралына МТНБ орнына берілетін МТНБ;».
3-тармақ 18) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы ретінде әрекет ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;»;
«9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден келген көлік құралдарын тіркеген кезде КҚТК-ның ерекше белгілерінде жазба көрсетіледі: Ресей Федерациясынан ‒ РФ КҚ, Армения Республикасынан ‒ АР КҚ, Беларусь Республикасынан ‒ БР КҚ, Қырғыз Республикасынан ‒ Қырғыз Республикасы КҚ»;
«30. Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарын, сондай-ақ КҚ мұрагерлікке берілген жағдайда құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагер автомобильдерге және автобустарға 2,8 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), мотокөлік пен тіркемелер үшін 1,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейінгі жағдайды қоспағанда, бұрын пайдалануда болған, оның ішінде жоғары сұраныстағы МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.»;
«53. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырған, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, «Шанақ ауыстырылды» деген жазба жасалады. Рамасын немесе негізгі шанағын ауыстырған кезде Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Шешімімен бекітілген, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентімен жекелеген көлік құралы үшін көзделген сызба бойынша сәйкестікті бағалау жүргізіледі.».
«59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ көлік құралын есептен шығару орны бойынша тапсырылады.
Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
Кәдеге жаратуға жататын көлік құралын тіркеу есебінен алғаннан кейін оның иесіне «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жұмыскері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәдеге жаратуға (ақаулы) жататын көлік құралын есептен шығару туралы анықтама береді.»;
«62. Соттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кіріс органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар меншік құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлік құралын есептен шығару, сондай-ақ МТНБ телнұсқасын беру тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердің жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Тіркеу әрекеттеріне тыйым салулар немесе шектеулер тиісті органдар (ұйымдар) берген құжаттар (сот органдарының қаулылары, шешімдері, ұйғарымдары, кепіл (кепіл билеттері) және лизинг шарттары және т.б.) келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, БАЖ-ға қойылады немесе алынады.».
5-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралын тіркеу туралы куәліктер және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі;
69. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері (тіркеу орны) бар жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі ‒ көрсетілетін қызметті алушылар) Мемкорпорацияның филиалдары немесе «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттар пакетін ұсынады, онда мемлекеттік қызметтерді ІІО аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартында баяндалған.
70. Көлік құралдары (бұдан әрі ‒ КҚ) жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жерінің тұрақты тіркелген орны бойынша тіркеледі. Заңды тұлғаларға көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу олардың тіркелген заңды мекенжайына сәйкес, ал филиалдар мен өкілдіктерге оларды тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
71. КҚ-ны есептен шығаруды қоспағанда, мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік баждар мен алымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес төленеді.
72. Құжаттар пакетін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Мемкорпорация арқылы:
Мемкорпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және баждар мен алымдарды төлеу, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауы, көлік құралына салық төлеу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы орындалуы туралы мәліметтерді тексереді, 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, қабылданған құжаттардың электронды көшірмелерін жасайды, электрондық өтінішті қалыптастырады, электрондық-цифрлық қолтаңба қояды, актіні қағаз тасымалдағышта басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап иесінің және көлік құралының іздестіруде (шектеулер, тыйым салулар) болуы мәніне оларды тексереді, толтырылу дұрыстығына сканерленген құжаттарды электрондық өтініммен салыстырады, 15 минут ішінде өтінімді бекіту немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қалыптастырылған өтінім 5 минут ішінде онлайн-режимде көрсетілетін қызметті берушіге бекітуге түседі, бекітілген жағдайда өтінім жеткізушінің принтеріне автоматты түрде келіп түседі және КҚТК 5 минут ішінде басып шығарылады.
Иесінің деректері немесе оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты аумақтық ІІО бөлінісіне дереу береді.
Дайындалған КҚТК-ны жеткізуші 5 минут ішінде Мемкорпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді.
Дайындалған КҚТК мен берілген МТНБ-ларды Мемкорпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (КҚ иесіне) немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариаттық куәландырылған) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша бұрынғы КҚТК, МТНБ (олар болған жағдайда) тапсырған кезде береді.
Мемкорпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан қабылдаған және көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру үшін негіз болған құжаттар сканерленеді және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша номенклатуралық іске тігіледі, сандық тәртіппен нөмірленеді, Мемкорпорация филиалының басшысы қол қояды және қағаз түрінде Мемкорпорация филиалында 3 жыл, электронды түрде Мемкорпорацияның серверінде тұрақты негізде сақталады.
Қағидалардың 72-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.
2) ЭҮП арқылы жүгінген кезде құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 60 минутты құрайды.
Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша композиттік болып табылады, ол кезде көлік құралын есептен шығару және тіркеу жүргізіледі:
көрсетілетін қызметті беруші жолданған өтінімді қабылдайды, иесін және көлік құралын олардың іздестіру базасында болуы мәніне тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын есептен шығаруға арналған өтінімді бекіту туралы немесе тіркеу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
көрсетілетін қызметті беруші көлік құралы есептен шығарылғаннан кейін көлік құралының жаңа иесін оның іздестіру базасында болуы мәніне тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын жаңа иесіне тіркеуді бекіту туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
бекітілген өтінім КҚТК шығару үшін принтерге автоматты түрде жіберіледі және 5 минут ішінде КҚТК дайындалады. КҚТК дайындалғаннан кейін автоматты режимде 5 минут ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы: бұрынғы иесіне КҚ-ның есептен шығарылғаны туралы, жаңа иесіне дайындалған КҚТК мен берілген МТНБ орналасқан жері туралы хабарлама жеткізіледі;
- хабарламаны алған кезде көрсетілетін қызметті алушы (КҚ-ның жаңа иесі) Мемкорпорацияға жүгінеді, Мемкорпорацияның қызметкері 10 минут ішінде бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға немесе жеке басты куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариаттық куәландырылған) жаңа МТНБ мен КҚТК береді.
Қағидалардың 72-тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.
73. КҚ есепке қоймай, есептен шығару бойынша, сондай-ақ рама немесе тірек шанақты ауыстыру кезінде электронды түрдегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет ЭҮП арқылы ұсынылмайды.».
6-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |