БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20219 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №712880 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2016 жылғы 18 ақпандағы №32 (28158) жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін, оларға осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілуде.
3. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 303 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11106 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 275 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;
2) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
3) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;
4) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы таныған, мемлекет немесе халықаралық ұйым берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін шетелдік паспорты немесе өзге құжаты;
5) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері) – Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
6) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ;
9) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
10) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
11) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген (келгендер) және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған (алғандар) Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте одан тыс жерге тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
12) тұрақты тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдарымен беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
13) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
14) шетелдік – өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адам;
15) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
16) «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) – Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің кіруін – шығуын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйесі;
17) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процесстер дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ «электронды үкімет» шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және базалармен интеграциялық қарым-қатынас процесстерін автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйесі.
2-тарау. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттар беру тәртібі
3. Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілерге кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына сәйкес ұзарта отырып, алынатын рұқсаттың санатына қарай бір жыл дейінгі мерзіммен уақытша тұруға рұқсат (бұдан әрі – УТР) беріледі.
4. Қазақстан Республикасында уақытша келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Заңның 6-1-бабына сәйкес:
отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген Заңңын 27-бап 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың өтініштерінің;
көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде УТР ресімделеді.
5. УТР ресімдеу үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қабылдаушы адамдар аумақтық полиция органдарына шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш-сауалнамамен жүгінеді.
6. Өтініш-сауалнамаға мынадай құжаттар қоса беріледі:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |