Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20265 болып тіркелді
Редакция 28.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы, «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 30 наурызы № 28
қаулысымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6546 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулық»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шараларды белгілейді.
Сақтандыру холдингтері және ірі қатысушылар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында (бұдан әрі – № 304 қаулы) белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (бұдан әрі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтері) және сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұрады.
2. Осы Нұсқаулықта айқындалған және сақтандыру холдингтерінің, сондай-ақ ірі қатысушыларының орындалуға жататын № 304 қаулыда белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) ең төменгі нормативтік мәнінен төмен емес сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұру бойынша шараларға:
1) сақтандыру холдингтері үшін - ішкі құжаттарының болуы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін тұрақты қамтамасыз ету;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін жедел қамтамасыз ету кіреді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұру рәсімдері мыналарды:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру тобының қатысушыларына реттелген қарыз беруді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін № 304 қаулыда белгіленген нормативтік мәндерге сәйкес келтіру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушының (қатысушыларының) акцияларын сатып алуды;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының осы міндеттемелерінің орнын толтыратын үшінші тұлғалардың алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсынуды;
3) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ ірі қатысушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуды;
4) сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру тобының, сондай-ақ ірі қатысушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелері бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыруды;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қатысушыларының күмәнді активтерін, шартты міндеттемелерін сатып алуды қамтиды.».
2. «Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын: