Toggle Dropdown
Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20307 болып тіркелді
Редакция 21.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін.
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10677 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 78 бұйрығымен
бекітілген
Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары
1. Осы Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарих және қорғау міндеттемелерін (бұдан әрі – қорғау міндеттемелері) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қорғау міндеттемесі – тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі мен тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің немесе оны пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын тіркейтін құжат;
2) меншік иесі – өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, ескерткішке қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) пайдаланушы – Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Қорғау міндеттемелерін беру тәртібі
3. Қорғау міндеттемелері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдеріне енгізілген ғимараттардың, объектілердің меншік иелері және пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға ресімделеді және беріледі.
4. Қорғау міндеттемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тарих және мәдениет ескерткішіне тиісті мәртебе беру туралы түпкілікті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде тарих және мәдениет ескерткішінің меншік иесі мен пайдаланушысына ресімдейді және береді.
Қорғау міндеттемелерін жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және береді.
5. Егер тарих және мәдениет ескерткіші бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайда, қорғау міндеттемелері жеке-жеке ресімделеді және олардың әрқайсысына беріледі және меншік иелерінің әрқайсысы өз міндеттемелерін орындауға тиіс.
6. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарындағы болжанып отырған немесе болған өзгерістер туралы хабардар етеді.
7. Тарих және мәдениет ескерткіштері туралы жаңа мәліметтер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар қорғау міндеттемесіне хаттама нысанында ресімделетін өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізеді.
Қорғау міндеттемелерін
беру қағидаларына
қосымша
Қорғау міндеттемесі № _____
20__ жылғы «___» ____________
___________________________________________ негізінде әрекет ететін (ресімдеуге өкілеттігін растайтын құжаттың № ___ және күні)
____________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы)
бұдан әрі «______________________________________________» деп аталатын (ұйымның атауы)
атынан ______________________________________________________________ (қорғау міндеттемесін ресімдейтін жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
_________________________________________________________ бір тараптан,
және ________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________________ атынан (заңды тұлға үшін – ұйымның толық атауы)
____________________________________________________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________________________________________________ (тарих және мәдениет ескерткішін иелену/пайдалану құқығын растайтын құжаттың № ___ және күні)
_________________________________________________ негізінде әрекет ететін (растайтын құжаттың № және күні)
______________________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі «меншік иесі/пайдаланушы» деп аталатын, бірлесісіп «тараптар» деп аталатын «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес осы құжатты ресімдеу кезінде тарих және мәдениет ескерткішінің жағдайын және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін ұстау шарттарын белгілейтін осы қорғау міндеттемесін ресімдеді.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жағдайы туралы деректер
Тарих және мәдениет ескерткішінің атауы ___________________________
____________________________________________________________________
Қорғау міндеттемесін беру кезіндегі ескерткіштің жай-күйі туралы ақпарат (жалпы сипаттамасы, тарих және мәдениет ескерткішінің ішкі және сыртқы сәулет ерекшеліктері мен бөлшектері, ескерткіштің және оған іргелес аумақтың техникалық жай-күйі, фото)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін ұстау шарттары
Қолданыстағы заңнама шеңберінде меншік иелері мен пайдаланушылары тарих және мәдениет ескерткішін ұстаудың мынадай шарттарын қамтамасыз етеді:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
2) Заңның 16-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне жергілікті атқарушы органдарымен жасалатын шарттарда белгіленетін тәртіппен және шектерде ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы оларды сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады және тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға міндетті;
3) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды.
Меншік иелері үшін күтіп-ұстаудың қосымша шарттары:
1) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобаларын тарих және мәдениет ескерткішінің санатына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен келіседі;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен өзгертуді келіседі.
Тарих және мәдениет ескерткішінің және оның орналасқан жерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тараптардың келісімі бойынша қосымша енгізілген өзге де шарттарды сақтайды.
Тараптардың келісімі бойынша қорғау міндеттемесінде тарих және мәдениет ескерткішін оның түрі мен ол орналасқан жердің климаттық ерекшеліктеріне байланысты күтіп-ұстаудың өзге де шарттары көзделуі мүмкін.
Тарих және мәдениет ескерткішін өз бетінше жоюға тыйым салынады.
Қорғау міндеттемесінің қолданылу мерзімі
Қорғау міндеттемесі оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қорғау міндеттемесінің қолданылуы тарих және мәдениет ескерткіші Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдерінен шығарылған жағдайда тоқтатылады.
Қорғау міндеттемесін ресімдеу күні: 20__ жылғы «___»___________
Құрастырушы: __________________________________________________ қолы (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Тараптардың деректемелері
Жергілікті атқарушы органдар Толық заңды атауы БСН Мекенжайы, байланыс деректері; Мөр орны (болған жағдайда) | Меншік Иесі/Пайдаланушы жеке тұлғалар үшін: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); ЖСН; Мекенжайы, байланыс деректері; заңды тұлғалар үшін: Толық заңды атауы, БСН; Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); Мекенжайы, байланыс деректері; Мөр орны (болған жағдайда) |