БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 122/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 20353 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 28 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2023 жылғы № 90/НҚ Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14172 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жумагалиев
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 2 сәуірі № 122/НҚ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығымен бекітілген
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету және оларды бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геодезиялық пункт – орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілі.
2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау
3. Мемлекеттік геодезиялық желінің геодезиялық пункттері (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық пункттер, жер бетіндегі белгілер мен осы пункттердің орталықтары), сондай-ақ арнайы геодезиялық желілер пункттері (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгілер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
4. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
5. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендірмеден тұрады. Геодезиялық пункттің сыртқы безендірмесі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.
6. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттердің қорғау аймағы болып табылады.
7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес геодезиялық пункттердің бүлінуінің немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы көрсетілетін қызметті берушіге хабарлауға, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
8. Топографиялық түсірілімдер үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық және нивелирлiк желiдегі геодезиялық пункттердің тығыздығы:
елді мекеннен тысқары аумақтарда 1:25000 және 1:10000 масштабта – 50-60 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті;
елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында 1:2 000 және одан ірі масштабта – 5-15 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті құрайды.
9. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт жасайды.
3-тарау. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыру) тәртібі
10. Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында мазмұндалады.
11. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінішті (бұдан әрі – өтініш) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы сұрауды, зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) дайындайды және жолдайды.
15. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын алты жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бару арқылы, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.
Ведомстволық бағынысты кәсіпорын бір жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері оң қорытынды алған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты береді.
Теріс қорытынды алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
17. Рұқсаттар алу барысында:
1) геодезиялық пункттер тығыздығының, қолда бар геодезиялық желіні жаңарту және дамыту перспективаларының болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалар ақпараттық жүйесі арқылы көрсеткен кезде, мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, жоғары тұрған мемлекеттік органға және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 1-қосымша
Нысан
20___жылғы «__» _______
Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт
_________________________________________ (елді мекеннің атауы, пошталық мекенжайы)
Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________________ (актіні жасағандардың тегі, аты, ____________________________________________________________________ әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, заңды тұлғаның атауы) 20 жылғы «__»________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған ____________________________________________________________________ (геодезиялық пунктті сақталуын қадағалау үшін беру актісіне сәйкес) ___________________________________________________________орналасқан ____________________________________________________________________ (геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі) геодезиялық пунктінің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық. Қарау кезінде______________________________________________________ (орталықтың, сыртқы белгісінің, бағдарлық пункттердің ____________________________________________________________________ және сыртқы безендірменің жай-күйі, геодезиялық пункттің бүлінуіне немесе ____________________________________________________________________ жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кінәлі адамдар көрсетілсін) __________________________________________________________анықталды.
_____________________________________ ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы) _____________________________________ ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы) _____________________________________ ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 2-қосымша
Нысан
«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
9 (тоғыз) жұмыс күні |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) арналған рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. |
6 |
Төлемақы мөлшері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі |
7 |
Жұмыс графигі |
1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. |
8 |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
Электрондық құжат нысанындағы геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш |
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген негіздер |
1) геодезиялық пункттер тығыздығының, қолда бар геодезиялық желіні жаңарту және дамыту перспективаларының болмауы; 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне _____________________________________ (тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, _____________________________________ немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Нөмірі _________
«___» _______ 20__ жыл
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш
____________________________________________________________________ (облыс, аудан, елді мекен) ____________________________________________________________________
аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.
Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі _______________________________ ____________________________________________________________________
Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініштің себебі ______________________________________________________________ (себебін көрсету)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті |
Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан |
Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат
Нөмірі _________
«___» _______ 20__ жыл
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы _____________________________________________________________________ Геодезиялық пункттің орналасқан орны ___________________________________ _____________________________________________________________________ (облыс, аудан, елді мекен) Қорытынды__________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]
Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға 5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті |
Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан |
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы _________________________________
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________
«___» _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 2 сәуірі № 122/НҚ бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
1. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 маусымда жарияланған);
2. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған).
3. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 693 бұйрығының 1-тармағы алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12380 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтар тізбесінің 3-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14171 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған).
5. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 468 бұйрығының 1-тармағының жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық бақылау банкінде 2016 жылғы 16 қаңтарда жарияланған).
6. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40 бұйрығының 1-тармағы жетінші абзацының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18268 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған).
7. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154 бұйрығының 1-тармағының екінші абзацының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18557 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |