• Мое избранное
Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (16.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (29.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (29.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (06.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (16.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін; 
2. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы №502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мынадай:
1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,
5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,
мектепалды сыныптардың журналының;
факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,
білім алушының жеке іс қағазының,
1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,
5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,
бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),
педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,
педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,
кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,
келген білім алушыларды есепке алу кітабының,
босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,
білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,
негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,
жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,
мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,
жеке сабақтарды есепке алу журналының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,
білім алушының үлгерімі кітабының,
диплом беру кітабының,
дипломдардың телнұсқасын беру кітабының,
академиялық анықтама беру кітабының,
білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (06.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (16.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 29.10.2024 жылғы № 319 Бұйрығына сәйкес (07.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Педагогтер құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта толтырады. Құжаттарды электрондық форматта толтыру кезінде қағаз форматы талап етілмейді. Құжаттарды қағаз форматта толтыру кезінде электрондық форматы талап етілмейді.