Toggle Dropdown
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20323 болып тіркелді
Редакция 03.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргiзілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 1 сәуірі
№ 123 бұйрығына
1-қосымша
«Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1. Осы «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды портал арқылы жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық болуын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
8. Талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасының қызметкері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасының қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды және оны лицензиялау басқармасына жібереді.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері талдау, мемлекеттік бақылау және техникалық кооперация басқармасы қызметкерінің қорытындысын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім дайындайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ге сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындыны қарау қорытындылары және тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы немесе лицензияны және (немесе) қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы шешімді алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.