• Мое избранное
Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 сәуірде № 20422 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2025 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2025 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпараттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну туралы сұрау салудың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынған ақпараттарды ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 мамырда жарияланған);
2) «Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 637 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12784 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
  • 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 16 сәуірі
№ 390 бұйрығына
1 қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2025 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Интернет-ресурста орналастырылған: kgd.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Оңалту рәсімін жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысанның атауын қысқаша әріптік-цифрлық білдіру): ОРТБАА-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
  Есепті кезең: 20 __ жылғы _____ тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: уақытша әкімші; оңалтуды басқарушы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БСН   
  (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде
          жалғасы
    жалғасы
  жалғасы
  жалғасы
      
«Оңалту рәсімінің жүзеге
асырылу барысы туралы ағымдағы
ақпарат» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын, сондай-ақ оның қосымшаларын (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) толтыруға арналған түсіндірме (Индекс: ОРТБАА-1, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат (бұдан әрі – ағымдағы ақпарат) ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған нысанның өзінен және оның қосымшаларынан (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) тұрады.
2. Осы түсіндірме ағымдағы ақпарат нысанын, сондай-ақ оның қосымшаларын (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
3. Ағымдағы ақпарат кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы және борышкердің кіріс және шығыс бөліктері туралы, сондай-ақ оның мүліктік массасы туралы кредиторлардың қанағаттандырылған талаптары туралы мәліметтерді қамтиды.
2-тарау. Ағымдағы ақпаратты толтыру бойынша түсіндірме
4. Ағымдағы ақпарат келесідей толтырылады:
1-жолда борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-жолда ағымдағы ақпарат ұсынылатын кезең (есепті кезең) көрсетіледі;
3-жолда борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы көрсетіледі;
4-жолда ағымдағы ақпараттың түрі (бастапқы, кезекті, қосымша, тарату) көрсетіледі;
5-жолда әкімшінің санаты (уақытша, оңалту) көрсетіледі;