«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20482 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген
Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (22.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін жолдайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестікке тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты ресімдейді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сымен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
8-1. Көрсетілетін қызметті беруші бұйрық бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидарларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
8-1-тармақ толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (12.07.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. Егер Қазақстан Республикасынынң заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (12.07.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
11. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 жылғы № 91 Бұйрығымен (12.07.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 жылғы № 364 Бұйрығымен (22.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру»; 2. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру»; 3. «Өңдеу шарттары туралы құжат беру тауарларды ішкі тұтыну үшін». |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасауда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: тегін |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал арқылы жүгінген кезде – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) портал. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 248-бабына сәйкес); 2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 248-бабына сәйкес); 3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 248-бабына сәйкес); 4) электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 248, 249-баптарына сәйкес). 2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 261-бабына сәйкес); 2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 261-бабына сәйкес); 3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжаттың (құжаттардың) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 261-бабына сәйкес); 4) электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың), сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 261, 262-баптарына сәйкес). 3. Өңдеу шарттары туралы құжат беру тауарларды ішкі тұтыну үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 273-бабына сәйкес); 2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі, тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 273-бабына сәйкес); 3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 273-бабына сәйкес); 4) электрондық құжат (құжаттар) немесе құжаттың (құжаттардың), сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодекстің 273, 274-баптарына сәйкес). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. |
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау; 2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестігін тексереді; 3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын сот шешімінің (қаулысының, ұйғарымының) заңды күшіне енуі; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/mps, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 3) порталда. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777. |
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/ аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша
нысан
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге _______________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
кімнен __________________________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
ӨТІНІШ
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның атауы _______________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)
_____________________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға
(тұлғалар) туралы мәліметтер ___________________________________________________
(тұлғаның атауы,
_____________________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды, саны мен құны) мәліметтер____________________
4. Шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЕАЭО тауарлары туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды және саны) мәліметтер______________________________________
5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер_____________________________ ________________________________________________________________
6. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары ___________________________________________________________
7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері________________________________________________________
8. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер _____________________________________________________
9. Қалдықтар және қалған қалдықтары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)__________________________________
10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________
11. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер____________________________________
12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер___________________________________________________________
13. Кеден органы (органдары) ________________________________________________________
(тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен
_______________________________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер___________________________________________________________
15. Өзге де мәліметтер ___________________________________________
Қоса берілетін құжаттар __________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы __________ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
20___ жылғы «____» ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымша
нысан
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге ______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
кімнен________________________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
ӨТІНІШ
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның атауы ___________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)
_______________________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға (тұлғалар)
туралы мәліметтер _______________________________________________________________
(тұлғаның атауы,
_______________________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. ЕАЭО тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер_______ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер __________________________________
____________________________________________________________________
5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары___________________________________________________________
6. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________
7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ____________________________________________________
8. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі_________________________________
9. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер__________________________________
____________________________________________________________________
10. Кеден органы (органдары) ___________________________________________
(тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен
__________________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
11. Қалдықтар, қалған қалдықтар және өндірістік шығындар бойынша (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер______________________________________________________
12. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер___________________________________________________________
13. Өзге де мәліметтер____________________________________________
Қоса берілетін құжаттар___________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны
20___ жылғы «____» ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша
нысан
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге _______________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
кімнен ___________________________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
ӨТІНІШ
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның атауы _____________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)
__________________________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы) тұлға (тұлғалар)
туралы мәліметтер _________________________________________________________________
(тұлғаның атауы,
__________________________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. Шетел тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) мәліметтер _________________
___________________________________________________________________
4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер _________________________________
____________________________________________________________________
5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары _________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________
_______________________________________________________________
7. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ___________________________________________
8. Қалдықтар мен қалған қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды, саны және құны)_______________________________________
9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________
10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер _________________________________________________________
11. Кеден органы (органдары)_____________________________________________________
(тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен
____________________________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
12. Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
13. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер ________________
____________________________________________________________________
14. Өзге де мәліметтер ____________________________________________
Қоса берілетін құжаттар___________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны
20___ жылғы «____» ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өндеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (22.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Нөмірі: [Құжат нөмірі] Күні: [берілген күні] ж. [ұйымның атауы] Бас тарту туралы дәлелді жауап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі [Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну] үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге қатысты № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өндеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (22.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (21.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат
Ескертпе: * Деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады. [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өндеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша
4-қосымша толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес 4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат
Ескертпе: * Деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады. [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өндеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша
5-қосымша толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес 5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2024 жылғы № 134 Бұйрығына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
Ескертпе: * Деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады. [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірі № 219 бұйрығына 2 – қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12195 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2) «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17759 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).
3) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 640 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19270 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).
4) «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 18 қарашада № 12302 нөмірімен тіркелген).
5) «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 45 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18257 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |