• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20474 болып тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес шетел валютасымен биржадан тыс операциялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банктің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес өзге сыныпталатын активтер мен ірі дебиторлар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшамен операциялар туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері (оның ішінде сыйақының ең жоғары мөлшерлемелері) бойынша есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес зиян келтірген операциялық тәуекел оқиғаларының мониторингі туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес банктің басшы қызметкерлеріне төленген кіріс туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес талаптар мен міндеттемелерді орындау кестелеріне сәйкес әкету және әкелу туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мыналарды:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (26.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есепті – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күннен кешіктірмей күн сайын ұсынады, оған мыналар:
есепті күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылатын айдың бірінші, екінші және соңғы жұмыс күндері үшін есептер;
аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылатын жылдың соңғы жұмыс күні (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есеп (оның ішінде банкішілік операциялар бойынша айналымдар болмаған кезде) қосылмайды;
2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
Жылдың соңғы жұмыс күні (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есеп (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылады;
3) осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есепті – есепті күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, күн сайын;
4) осы қаулының 1-тармағының 5), 6), 7) және 19) тармақшаларында көзделген есептерді есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
5) осы қаулының 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген есепті:
өзге де сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде – аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынылатын желтоқсан айы (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін өзге сыныпталатын активтер туралы қосымша есепті (банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) қоспағанда, есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
6) осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есепті – есепті айдан кейінгі айдың он бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
7) осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есепті:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізілімі бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы қосымша мәліметтер бөлігінде – есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
8) осы қаулының 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей, ай сайын;
9) осы қаулының 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың сегізінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
10) осы қаулының 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, ай сайын;
11) осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есепті –есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
12) осы қаулының 1-тармағының 15) тармақшасында көзделген есепті:
есепті айдан кейінгі айдың он екінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
жеке тұлғалардың ұлттық валютада тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар тартылған салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер туралы мәліметтер бөлігінде – есепті айдың күнтізбелік жиырмасыншы күнінен кейінгі екінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
13) осы қаулының 1-тармағының 16) тармақшасында көзделген есепті –есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
14) осы қаулының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген есепті –қаржы жылының аяқталуы бойынша күнтізбелік отыз алты күннен кешіктірмей, жыл сайын;
15) осы қаулының 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген есепті – қаржы жылының аяқталуы бойынша күнтізбелік отыз алты күннен кешіктірілмей, жыл сайын ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағының 5), 6), 7), 9), 12) және 15) тармақшаларында көзделген желтоқсан айы (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке алғанда) үшін қосымша есептерді (есепті айда банкішілік операциялар бойынша айналымдар болған кезде) аяқталған қаржы жылынан кейінгі жылғы отыз бірінші қаңтардан кешіктірмей ұсынады.