• Мое избранное

Отправить по почте

Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидаларын, сондай-ақ Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20475 болып тіркелді

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 110-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.
2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10509 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 23 сәуірі № 413
бұйрығына 1- қосымша
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 110-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда салық және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, сондай-ақ борышкердің міндеттемелерінен туындайтын, борышкерге қойятын мүліктік талаптары бар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, заңды тұлға кредитор болып танылады.
3. Өтініш бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредитор, егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) борышкер мүлкінің жоқ екені;
2) борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екені;
3) өзіне қатысты соттың субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы шешімі заңды күшіне енген борышкер құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға мүмкін болатын мүлкінің жоқ екені не аталған тұлғаларды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін негіздердің жоқ екені анықталса, уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеуді жүргізеді.
2-тарау. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде, сотта банкроттық басқарушының қорытынды есебін қараған кезде кредитор осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) мәлімдеуге міндетті.
5. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеуді кредитор өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу туралы нұсқаулығы бар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымы негізінде жүзеге асырады.
Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеуді кредитор республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, 2 (екі) ай мерзімде міндеттерді орындау кезеңі үшін жалақының 1 (бір) ең төмен мөлшері шегінде жүзеге асырады.
Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеуді кредитор республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, 3 (үш) ай мерзімде банкроттық рәсім кезеңі үшінжалақының 1 (бір) ең төмен мөлшері шегінде жүзеге асырады.
6. Банкроттықты басқарушы, егер кредиторлар соттың борышкердің банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымымен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар заңды тұлғаның таратылуы туралы мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне енгізгеннен кейін салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор болып табылған жағдайда – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесіне, ал егер жеке кәсіпкер банкрот болып табылса – соттың банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін, кредиторға ұсынылады.
7. Банкрот болғандар арасынан ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ағымдағы жылдың 11 айы және алдыңғы жылдың желтоқсан айы ішінде соттың заңды күшіне енген банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы ұйғарымымен банкрот болғандардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) кредитор қалыптастырады.
Оларға қатысты ағымдағы жылғы желтоқсанда банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы ұйғарымдар заңды күшіне енген банкроттар келесі жылдың Тізбесіне енгізіледі.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген кезеңде есепке алынған банкрот болғандардың саны бойынша, Тізбені қалыптастыру жылынан кейінгі қаржы жылына бюджеттік өтінімді кредитор жасайды.
9. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеуді кредитор Заңның 94-бабы 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен банкроттықты басқарушы мен кредиторлар комитеті арасында жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта көрсетілген банкроттықты басқарушының банк шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырады.
Уақытша басқарушының негізгі сыйақысын банкроттықты басқарушы Уақытша басқарушының банк шотына аударады.
10. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеуді жүзеге асыру үшін қаржыландыру 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредитор жүргізеді.
Уақытша және
банкроттықты басқарушыларға
 негізгі сыйақыны
төлеу қағидаларына
қосымша
Мамандандырылған ауданаралық
 экономикалық соты
 _______________________________
 (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы)
 Кімнен _________________________
 ________________________________
 (кредитордың атауы)
нысан
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу туралы өтінішхат
________________________________________________________________ 
(кредитордың атауы) 
_________________________________________________________________ 
(борышкер атауы)
уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны
_____________________________________________________теңге сомасында
(уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі)
төлеуге міндеттенеді.
Борышкер туралы қысқаша ақпарат:
Бизнес-идентификациялық нөмірі (БСН)/Жеке
идентификациялық нөмірі (ЖСН) ______________________________________
Заңды мекенжайы __________________________________________________
Экономкиалық қызмет түрі ___________________________________________.
Берешектерді өндіріп алу бойынша кредитор қабылдаған шаралар туралы мәлімет:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________.
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңның 110-бабы 2-тармағының 
талаптарына борышкердің сәйкетігін растайтын құжаттар тізбесі:
1. _____________________________________________________________
(борышкер активтерінің жоқ екенін растайтын құжаттың нөмірі, күні, құжатты берген уәкілетті органның атауы);
2. _____________________________________________________________
(борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екенін куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, құжатты 
берген уәкілетті органның атауы);
3._____________________________________________________________
(өзіне қатысты соттың субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы шешімі заңды күшіне енген борышкер 
құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының мүлкінің жоқ екені не аталған тұлғаларды субсидиарлық 
жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін негіздердің жоқ екені растайтын құжаттың күні, нөмірі, құжатты 
берген уәкілетті органның атауы).
Борышкердің банкроттық рәсімінің нәтижелері туралы мәліметтері:
1.Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған соттың атауы, күні 20___ жылғы «___» ______ мен нөмірі;
2.Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің заңды күшіне енген күні 20___ жылғы «___» ______ ;
3.Банкроттықты басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатында ол бар болған кезде) 
(бұдан әрі – Т.А.Ә.);
4.Банкроттықты басқарушының ЖСН-і;
5.Уәкілетті органның банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы бұйрығының күні 20___ жылғы «___» ______.
Ұсынылған құжаттар нөмірленген және тігілген, саны ____парақ.
Қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
____________________ _______________ 
(Басшының Т.А.Ә.) (қолы)
Күні
Мөр
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 23 сәуірі № 413
бұйрығына 2 - қосымша
Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары мен мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 110-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша және банкроттықты басқарушыларға өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру тәртібін және мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда салық және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, сондай-ақ борышкердің міндеттемелерінен туындайтын, борышкерге қойятын мүліктік талаптары бар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, заңды тұлға кредитор болып танылады.
3. Өтініш бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредитор, егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) борышкер мүлкінің жоқ екені;
2) борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екені;
3) өзіне қатысты соттың субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы шешімі заңды күшіне енген борышкер құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға мүмкін болатын мүлкінің жоқ екені не аталған тұлғаларды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін негіздердің жоқ екені анықталса, өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыруды жүргізеді.
2-тарау. Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру тәртібі мен мөлшері
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде, сотта банкроттық басқарушының қорытынды есебін қараған кезде кредитор осы Қағидалардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) мәлімдеуге міндетті.
5. Өзгеде әкімшілік шығыстардың орнын толтыруды кредитор өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу туралы нұсқаулығы бар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымы негізінде жүзеге асырады.
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыруды кредитор республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, 5 (бес) ай мерзімге банкроттық рәсімін қозғау және жүргізу кезеңі үшін 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырады.
6. Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібінің 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу үшін көзделген тәртіпке ұқсас жүргізіледі.
.
Өзге де әкімшілік
шығыстардың орнын толтыру
қағидалары мен мөлшеріне
қосымша
Мамандандырылған ауданаралық
 экономикалық соты 
 _______________________________
 (облыстың, республикалық маңызы бар
​ қаланың атауы) 
 Кімнен _________________________
 ________________________________
 (кредитордың атауы)
нысан
Өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру туралы өтінішхат
 ________________________________________________________________ 
(кредитордың атауы)
 _________________________________________________________________ 
(борышкер атауы)
банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты шығыстарды
_____________________________________________________теңге сомасында
төлеуге міндеттенеді.
Борышкер туралы қысқаша ақпарат:
Бизнес-идентификациялық нөмірі (БСН)/Жеке
идентификациялық нөмірі (ЖСН) ______________________________________
Заңды мекенжайы __________________________________________________
Экономкиалық қызмет түрі ___________________________________________.
Берешектерді өндіріп алу бойынша кредитор қабылдаған шаралар туралы мәлімет:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________.
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңның 110-бабы 2-тармағының 
талаптарына борышкердің сәйкетігін растайтын құжаттар тізбесі:
1. ________________________________________________________________
(борышкерде активтердің жоқтығын растайтын құжаттың нөмірі, күні, құжатты берген уәкілетті органның атауы);
2. ________________________________________________________________
(борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екенін куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, құжатты 
берген уәкілетті органның атауы);
3._________________________________________________________________
(өзіне қатысты соттың субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы шешімі заңды күшіне енген борышкер 
құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының мүлкінің жоқ екені не аталған тұлғаларды субсидиарлық 
жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін негіздердің жоқ екені растайтын құжаттың күні, нөмірі, құжатты 
берген уәкілетті органның атауы).
Борышкердің банкроттық рәсімінің нәтижелері туралы мәліметтері:
1. Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған соттың атауы, күні 20___ жылғы «___» ______ мен нөмірі;
2. Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің заңды күшіне енген күні 20___ жылғы «___» ______ ;
3. Банкроттықты басқарушының тегі, аты, әкесінің (жеке басын куәландыратын құжатында ол бар болған кезде) (бұдан 
әрі – Т.А.Ә.);
4. Банкроттықты басқарушының ЖСН-і;
5. Уәкілетті органның банкроттықты басқарушыны тағайындау туралы бұйрығының күні 20___ жылғы «___» ______.
Ұсынылған құжаттар нөмірленген және тігілген, саны ____парақ.
Қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
____________________ _______________ 
(Басшының Т.А.Ә.) (қолы)
Күні
Мөр