• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:  
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 19 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының резервіне:
1) төтенше резерв;
2) шұғыл шығындарға арналған резерв кіреді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі екі пайыздан аспауға тиіс, тиісті бюджет түсімдері көлемінің он пайызынан аспауға тиіс аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының резервін қоспағанда.».
2) 45-бапта:
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін өзгертуге жол берілмейді.»;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.»;
9-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын жылжымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.».
3) 52-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.»;
4) 52-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;»;
«4-2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:  
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы және облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы болып табылады.»;
5) 56-1-бапта:
1-тармақтың 19) тармақшасындағы «трансферттер.» деген сөз «трансферттер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.».
6) 75-бапта:
2-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді.»;