• Мое избранное

Отправить по почте

4

Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20478 болып тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 12.04.2023 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (03.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар бекітілсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 30.06.2023 жылғы № 188 Бұйрығымен (16.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 16.02.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 21.02.2024 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (16.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.03.2025 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (21.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (30.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары.
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.»;
2. Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының он екі, жиырма төртінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының тоғызыншы, он сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірі № 158
Бұйрыққа 1-қосымша
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1. Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 12.04.2023 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (03.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 жылғы № 55 Бұйрығымен (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған нысан бойынша өтініш береді (бұдан әрі-ЭЦҚ) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеу және порталдың есептік жазбасына қосу кезінде көрсетілетін қызметті алушының немесе бір реттік парольмен куәландырылған.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 03.10.2022 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, тәсілдерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) келтірілген.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
6. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 30 (отыз) минутты құрайды.
7-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 жылғы №55 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 03.10.2022 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 16.06.2023 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторларына хабарлайды, оның ішінде бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар бекітілген немесе енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
7-2. Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы хабархат (хабарлама), оны есепке алу және алу «әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау 7-2-тармақпен толықтырылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 99 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 жылғы №55 Бұйрығына сәйкес (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.