• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 Қаулысы

Редакция 12.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы:
1) 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының екінші, үшінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаны;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі
 № 259 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:
3-тармақта:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) Шекара қызметі үшін шекара бөлімдерін (бөлімшелерін) салу;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінің авиация техникасы үшін тұрақтар салу;»;
91) және 92) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«91) шекара бөлімдерінің (бөлімдерінің) созылыңқы учаскелерін және Шекара қызметінің және басқа да объектілерін күзетудің бейнебақылау жүйелері мен сигнализация кешендерін салу (жабдықтау);
92) Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) үшін техникалық бақылау бекеттерін салу;».
2. «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқаруменқамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
41-1-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста – 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің іздестіру-құтқару ӘК № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда – 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.».
3. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 68-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларды қалыптастыру және беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АрМО-ның қызметтік тұрғынжайлары жатақханалардағы бөлмелерден, пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан тұрғынжайлардан тұрады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан немесе жатақханалардағы қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алатын АрМО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік тұрғынжай берілмейді.».
4. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 137-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Тұрғын үй төлемдері әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханалардағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.».
5. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларында:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл болған әскери қызметшiлер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген қызметтiк тұрғын жайды осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртiппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын үйлердi қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметін өткерген кезеңде сол елдi мекенде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтегі он жыл әскери қызмет өтілінен кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан, оны (әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайларды қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;».
6. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) штаттан тыс қызметкері – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер) өкілдері ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін немесе қажеттілік туындаған кезде ерікті негізде Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылатын Қазақстан Республикасының азаматы;»;
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Адамдардың Мемлекеттік шекараны қорғауға жеке қатысуы Мемлекеттік шекараны, Мемлекеттік шекара режимін, шекаралық режимді, өткізу пункттеріндегі режимді, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін және континенттік қайраң режимін бұзудың өздеріне белгілі болған фактілері мен әрекеттері туралы хабарлау жолымен құрылымдық бөлімшелердің өкілдеріне жәрдем көрсету арқылы көрінеді.
10. Штаттан тыс қызметкерлер, ерікті жасақшылар өз қызметін құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің бақылауымен:
1) Мемлекеттік шекарадан өтетін жерде қалқалау, шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзған адамдарды іздеу, табу, ұстау мақсатында дербес және (немесе) құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірлесіп қызмет атқаруға қатысу, шекара кеңістігін аралап шығу, аралап өту арқылы Мемлекеттік шекараны бұзушыларды іздеуді, ізін түсуді және ұстауды орындау;
2) белгісіз адамдардың болу себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында Мемлекеттік шекараны бұзушылардың ықтимал жүру бағыттарын, олардың жасырыну орындарын, көлік құралдарын және шекара кеңістігіндегі жерлерді дербес және (немесе) құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірлесіп қарап тексеруді жүргізу, белгіленген режимді бұзған адамдарды анықтау және ұстау мақсатында шекара кеңістігінің жергілікті жерлерін дүркін-дүркін қарап тексеру арқылы тұрғындармен әңгімелесуді, құжаттарды тексеруді орындау;
3) шекара кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың дербес алдын алу және жолын кесу;
4) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер көрсетілген мақсаттарға өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдану;
5) шекара кеңістігінде құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және құрылымдық бөлімшелерге, құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті органдарға жеткізу арқылы жүзеге асырады.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізу тиісті құрылымдық бөлімшелердің базасында жүзеге асырылатын Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдарды құқықтық дайындаудан басталады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдармен құқықтық дайындықты ұйымдастыруды бақылау Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшыларына жүктеледі.»;
16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік шекараны қорғауға штаттан тыс қызметкер ретінде қатысуға тілек білдірген адам Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне Мемлекеттік шекараны қорғауға тарту туралы өтініш береді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Адам көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса беруге құқылы.
17. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде адамды наркологиялық және психоневрологиялық есептер бойынша, соттылығының бар-жоғын тексереді, содан кейін оң шешім қабылдайды не қабылданған шешімнің себептерін көрсетпей, өтініш берушіден бас тартады.
18. Штаттан тыс қызметкер ретінде тарту туралы оң шешім қабылданған жағдайда адамның өтініші бойынша Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі тіркеу жүргізеді және оны Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған адамдардың есебіне алады, ол туралы көрсетілген адамға хабарлайды және оған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес штаттан тыс қызметкердің куәлігін береді.
19. Жергілікті атқарушы орган ерікті жасақ мүшелерінің тізімін жеке куәліктерінің көшірмесімен бірге көрсетілген адамдарды соттылығының бар-жоғына және наркологиялық және психоневрологиялық есеп бойынша тексеру үшін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Мемлекеттік шекараны қорғауға ерікті жасақтар құрамында адамдардың қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлар болмаған кезде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі оларды құрылымдық бөлімшелердің шекара қызметі кітаптарының тиісті бөлімдеріне тіркейді, ал мұндай мән-жайлар болған кезде белгілі бір адамды ерікті жасақтар құрамынан шығару үшін жергілікті атқарушы орган хабардар етіледі.
20. Тіркегеннен кейін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ерікті жасақ мүшесінің куәлігін береді.
21. Осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген куәліктерге Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы қол қояды. Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған адамдардың куәліктерін есепке алуды, тіркеуді және беруді Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
22. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде құрылымдық бөлімше шекара кеңістігі шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамды есептен шығарады, ол туралы көрсетілген адамға хабарлайды.
23. Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған адамдардың есептік деректері және олармен жұмыс нәтижелері құрылымдық бөлімшелердің шекара қызметі кітабының тиісті бөлімдеріне енгізіледі. Жалпы есепті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«№ ____ әскери бөлімі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«____________аумақтық бөлімшесі»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
«№ ____ әскери бөлімі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«____________аумақтық бөлімшесі».
7. «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 909-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
«0000 әскери бөлімінің командирі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«________ аумақтық бөлімшесінің бастығы»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
«_____» заставасының бастығы (начальник заставы) _________________ ә/б (в/ч)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«_________» шекара бөлімшесінің бастығы (начальник пограничного отделения)».
8. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 2, 9-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«0000 әскери бөлімінің командиріне (командиру воинской части 0000)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«_________________ аумақтық бөлімшенің бастығына (начальнику территориального подразделения __________________)»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
«0000 әскери бөлімінің командирі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
« _______аумақтық бөлімшенің бастығы»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
«0000 ә/б ____ бастығы (начальник заставы «_______» в/ч 0000)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«_______ә/б «_____» шекара бөлімшесінің бастығы (начальник пограничного отделения «_______»)».
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 733 Қаулысымен (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 18-19, 142-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«Кімге ____________ (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Кімге ____________ (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)»;
«Шекара қызметі әскери бөлімінің белгілері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің белгілері»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
«Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін 20 __ жылғы «___» _____ сериясы _____ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге ______ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы «___» ____ сериясы _____ № _____ рұқсатты алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
«Кімге ____________ (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Кімге ____________ (Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
«Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін 20 __ жылғы «___» ________ сериясы _______ № ______ 0000 әскери бөлім берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге _______ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы «___» ____ сериясы _____ № _____ рұқсатты алған қазақстандық кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.»;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының теңіз порттарынан (орналасу пункті) теңіз кәсіпшілігі ауданына шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары кемеде бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме рөліне енгізілген адамдар ғана қазақстандық кемемен теңізге шығуды жүзеге асырады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстандық кеменің теңіз портынан кәсіпшілік ауданына шығуының алдында, бірақ кемінде төрт сағат қалғанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңіздерде), ішкі суларында және континенттік қайраңында балық кәсіпшілігін жүзеге асыруды жоспарлаған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) немесе қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жауапкершілік учаскесінде теңіз порты (орналасу пункті) орналасқан Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін қазақстандық кеменің әзірлігі туралы хабардар етеді.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгеннен кейін қазақстандық кемені байқауды және тексеруді ұйымдастырады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті (бұдан әрі – есеп), қазақстандық кеме экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын және Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы растаған кеменің рөлін көрсетеді.»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректер қазақстандық кемені тексеру деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, Шекара қызметінің лауазымды адамдары капитаннан (иесінен) бұл фактілер бойынша түсініктеме алады, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығын хабардар етеді, ол рұқсатты тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы рұқсат пен есепте жазба жасалады.
12. Бақылау-тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамдары есепке қол қойып, кеме журналына жазба жасайды және рұқсатқа белгі қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы ақпаратты Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы береді.
13. Шекара қызметі қазақстандық кемелердің рұқсатта көрсетілмеген өзге суларға, теңіз порттарына (орналасу пункттеріне) шығуына жол берілмеуін және адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе өзге де төтенше мән-жайлардан туындаған, бұл туралы қазақстандық кеменің капитаны (иесі) дереу Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар ететін жағдайларды қоспағанда, кәсіпшілікті кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) ауыстырып тиемей, адамдарды түсірмей (отырғызбай), жүктер мен тауарларды шетелдік кемелерге, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге қайта тиемей жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.»;
14-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесімен үнемі радиобайланыста болады, қазақстандық кеме орналасқан географиялық координаталарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әрбір кесіп өту фактісі бойынша хабардар етеді және бұл туралы кеме журналына жазба жүргізеді;
2) техникалық ақау себептерінен техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде қазақстандық кеменің капитаны (иесі) кәсіпшілікті тоқтатады, ақау себептері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
Техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағаттың ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, қазақстандық кеменің капитаны (иесі) ол туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді және ақауды жою үшін теңіз портына (орналасу пунктіне) оралады;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізу мақсатында қазақстандық кеме теңіз портына (орналасу пунктіне) келер алдында бастамашы немесе қазақстандық кеме капитаны (иесі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне төрт сағат бұрын хабарлайды. Шекара қызметінің лауазымды адамдары өздері немесе уәкілетті органның өкілдерімен бірге теңіз портына (орналасу пунктіне) келеді, қазақстандық кемені қадағалауды ұйымдастырады, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, қазақстандық кемені тексеріп қарауды, кәсіпшілік өнімдерінің (объектілерінің) түсірілуін қадағалауды жүзеге асырады, қазақстандық кеменің капитанынан (иесінен) және экипаж мүшелерінен оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер және тауарлар туралы ауызша жауап алады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«_______(Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«________(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
«_______ (Шекара қызметі әскери бөлімінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«_________(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)».
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2023 жылғы № 776 Қаулысымен (29.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)
12. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 759 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеме порттан (орналасу пунктінен), теңіздегі өткізу пунктінен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орыннан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығар алдында, бірақ оған дейін кемінде төрт сағат қалғанда, кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығаруды жоспарлайтын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) жауапкершілік учаскесінде порт (орналасу пункті), теңіздегі өткізу пункті немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін өзге де орын орналасқан Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне кеменің шығуға әзір екені туралы кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді және рұқсат беруге құжаттарды тапсырған кезде мәлімделген жүру жолы өзгерген жағдайда, кеменің жүру маршрутын нақтылайды.
6. Шекара қызметінің лауазымды адамдары кемеге келгеннен кейін кемені қадағалауды және қарап-тексеруді ұйымдастырады. Кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажының құрамын, кеме жолаушыларының тізімін және кеме экипажының мүшелері мен жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарды ондағы мәліметтердің дұрыстығы мен олардың дұрыс ресімделуі тұрғысынан тексеріп, оларды кеменің капитанына (капитанның вахталық көмекшісіне) қайтарады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бақылау аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатқа белгілер қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы ақпарат береді.
10. Кемелердің Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары кемеде бақылауды аяқтағаннан кейін порттан (орналасу пунктінен), теңіздегі өткізу пунктінен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін өзге де орыннан жүзеге асырылады.
Кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығаруды Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажының құрамына кіретін адамдар жүзеге асырады.»;
11-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесімен үнемі радиобайланыста болады, кеме тұрған географиялық координаталарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің әр фактісі туралы хабардар етеді және ол туралы кеме журналына жазба жүргізеді;
2) кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) ақау себептері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
Кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағат ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді және ақауды жою үшін портқа (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға қайта оралады;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кеме Қазақстан Республикасының портына (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келерге дейін кемінде төрт сағат қалғанда кемені басқаратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді. Шекара қызметінің лауазымды адамдары портқа (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келіп, кемені қадағалауды ұйымдастырады, осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, кемені қарап-тексеруді, кеме экипажы мүшелерінің түсірілуін қадағалауды жүзеге асырады, кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) мен экипажы мүшелеріне ауызша сұрау жүргізеді.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Шекара қызметінің лауазымды адамдары әуе кемесіне келгеннен кейін әуе кемесін қадағалауды және қарап-тексеруді ұйымдастырады. Әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған әуе кемесі экипажының құрамын, кеме жолаушыларының тізімін және әуе кемесі экипажының мүшелері мен жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бақылау аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы ұшу тапсырмасына (ұшу парағына) жазба жасайды және рұқсатқа белгілер қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпарат береді.
17. Әуе кемелерінің Каспий теңізінің қазақстандық секторының үстіндегі әуе кеңістігіне ұшып шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары кемеде бақылау жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан да жүзеге асырылады.
Әуе кемелерін Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне ұшып шығаруды Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажы құрамына енгізілген адамдар жүзеге асырады.».
13. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 402-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік (бұдан әрі – өтініш беруші) жауапкершілік учаскесінде кемелердің шығуы жоспарланған Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді.
Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;
3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Рұқсат алу үшін өтініш беруші жауапты учаскесінде әуе кемесінің ұшып шығуы жоспарланған Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді. Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»;
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)»;
«Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылаудан өткізу туралы белгілері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бақылаудан өткізу туралы белгілері»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы «__» __________ № ____ қаулысына сәйкес _________ әскери бөлім 20 __ жылғы ________ берген сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын. (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы «__» ________ № ____ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге _________ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы ________ сериясы _______ № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын (табылмайтын) мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)»;
«Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылаудан өткізу туралы белгілері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бақылаудан өткізу туралы белгілері»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
«(Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«(Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің атауы)»;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы «__» ________ № ____ қаулысына сәйкес________ әскери бөлім 20 __ жылғы «__» _______ берген ________ сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы «__» ________ № ____ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге _________ аумақтық бөлімшесі берген 20 __ жылғы ________ сериясы _______ № ______ рұқсатты алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.».
14. «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысында: («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен).
15. «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 3-4, 18-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Қағидалармен есептелген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.»;
34-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан қызметтік тұрғынжайда және (немесе) жатақханада тұрған әскери қызметшілерге әскери қызметтен шығарылған кезде (теріс себептер бойынша қызметтен шығарылу жағдайларын қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған барлық кезең үшін тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.».
16. «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма жыл болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;
2) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдар;».
17. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 8, 34-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекара кеңістігінде келісілмеген ұшуларды жүзеге асыратын ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын және басқарылмайтын экипажсыз және жолаушыларсыз өзге де ұшу құралдарына қатысты оларды зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді шекара кеңістігінде немесе Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінің аймағындағы теңіз учаскесінде шекара бөлімшесінің бастығы немесе оның орнында уақытша болатын адам (бөлімше, бекет бастығы, әскери немесе шекара кораблінің (катерінің) командирі, ұшақ немесе тікұшақ командирі, шекара нарядының жетекшісі, шекара бөлімшесінің сақшысы, шекара бөлімшесі, бөлімі бойынша кезекші) қабылдайды және жоғары тұрған басқару пунктіне дереу баяндайды.».
  • 1
18. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы № 156 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
19. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы № 156 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)