• Мое избранное
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20561 болып тіркелді

Редакция 30.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 17) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2020 жылғы
2020 жылғы 27 сәуірі № 234
бұйрығына 1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (02.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
4. «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияға қызметтің келесі кіші түрлері кіреді:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
3) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
4) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
5) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
3) рұқсат беру бақылауы – рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған рұқсат беру органдарының қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;
4) біліктілік талаптары – өтініш беруші мен лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының бүкіл кезеңі ішінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
5) жарылғыш зат – белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
6) жарылғыш зат негізіндегі бұйым – өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы;
7) пиротехникалық бұйым – пиротехникалық құрамның жануын (жарылысын) қолдана отырып, қажетті әсер алуға арналған бұйым. Пиротехникалық құрамдардың қасиеттеріне және олардың химиялық түрленуі кезінде өтетін процестердің сипатына байланысты пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар тағайындалуы бойынша тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға және техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар сақтау процесінде техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану кезінде энергия шығынын жүргізуді талап етпейді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) келелесіні жолдайды:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің толтырылған мәліметтер нысаны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылдың 9 желтоқсанындағы № 843 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары);
2) лицензияға қосымша алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
біліктілік талаптарына толтырылған мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;