• Мое избранное
«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20591 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармағының үшінші-он алтыншы абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының қолданысы акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне таралмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;
2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;
3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
4) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;
5) егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;
6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға тағайындалмайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған, аудандық (қалалық) штабтың оң қорытындысы бар адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының қолданысы таралмайды. БЖТ төлеушілер үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін айқындаған кезде бірыңғай жиынтық төлем төлеу кезеңдері ескеріледі.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға өтінім беру арқылы кері қайтарады.»;
10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Өтініште төлемдер жүргізу үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай мерзімі аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдер арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынады.
Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұдан бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі, ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Бұл ретте өтініш берушіде банк шотының нөмірі болмаған жағдайда өтініш беруші әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына аудару үшін өзіне тіркелген абоненттік нөмірді ұсынады.
Өтініш беруші әлеуметтік төлем сомасын есептеу үшін абоненттік нөмір ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мобильді телефон нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұялы байланыс операторына жібереді.
Ұялы байланыс операторы өтініш берушіні және оның абоненттік нөмірінің оператор желісіне тиесілігін сәйкестендіруді жүзеге асырады және нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте ұялы байланыс операторы өтініш берушіні және ол өтініште көрсеткен абонеттік нөмірдің оған тиесілі екенін сәйкестендірудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
1-тармағының жиырма төртінші-жиырма бесінші абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлға, екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылса»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдай ұзартылған кезде әлеуметтік төлем алушыларға әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім төтенше жағдай кезеңіне ұзартылады және төтенше жағдай орын алған әр айға төленеді.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қор филиалының осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қордың филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасы бар ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.
1-тармағының отыз үшінші абзацы осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
Ақпараттық жүйелерде осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті жұмыскердің өзі немесе дара кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда қордың филиалы аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын алу үшін ЭІМ-ні жібереді.»;
15-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген жағдайда, төтенше жағдай аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап бір ай өткен соң әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасы автоматты түрде жасалады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік корпорация қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімдердің негізінде бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын қоспағанда, тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпаратты алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін күн сайын қалыптастырады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, бір жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдер төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады және өтініште көрсетілген тәсілмен қаражат аудару арқылы алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.
Ұялы байланыс операторы бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер сомасының ұялы байланыс операторы абонентінің өзіне тіркелген жеке шотына түсуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей әлеуметтік төлемдердің жүргізілген сомалары, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.»;
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлем тағайындалған адамдарды қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеуіне байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жөнінде смс-хабар жіберу арқылы автоматты режимде хабардар етеді.»;
1-тармағының қырық алтыншы-қырық жетінші абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
21-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
«2-1) бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға арналған өтінім;»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармағының қырық тоғызыншы абзацы осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1) қосымшамен толықтырылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отыз үшінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 6 мамыры № 161
бұйрығына 1-қосымша
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік
 сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және
 нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету)
 болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы
 шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік
 төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
ЖСН _______________________
Әлеуметтік төлем алу тәсілі: банк шоты/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына 
аударуға арналған абоненттік нөмір
Банктің атауы (бар болса) ______________________________________
Банк шотының нөмірі (бар болса)__________________________________
Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы) 
_____________________________________
Телефон ____________________ E-mail ________________________________
Жұмыс берушінің БСН/ЖСН ____________________________________________ 
(бірнеше жұмыс беруші болған кезде барлық жұмыс берушілердің БСН/ЖСН көрсетіледі)
Маған төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем 
тағайындауды сұраймын.
Осы арқылы қоса атқарылатын жұмыстан (кәсіпкерлік қызметтен) алынатын кірісті қоса алғанда, төтенше жағдай 
кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу фактісін растаймын.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол 
берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк және банк шотының нөмірі туралы немесе әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке 
шотына аударуға арналған абоненттік нөмір туралы мәліметтер ұсынбаған жағдайда, төтенше жағдай аяқталған немесе 
тоқтатылған күннен бастап бір ай өткен соң әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы, сондай-ақ 
жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды беру үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің қолы ____________________________________________ 
(SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 6 мамыры № 161
бұйрығына 2-қосымша
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік
 сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы
 жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып
 табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
 бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша
Нысан
Өтінім
ЖСН ___________________________________ 
Телефон ______________ E-mail ____________ 
төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу 
бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға бұдан бұрын берген өтінішімді кері 
қайтарып алуды (не тағайындаудан бас тартуды) сұраймын. 
Өтініш берушінің қолы _________________________________________________ 
(SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 6 мамыры № 161
бұйрығына 3-қосымша
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік
 сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы
 жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып
 табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша
 кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті
 зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға
 әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Өтініш
Тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты) ___________________________________
ЖСН ______________________________________________________________
Қайтару мерзімі ____________________________________________________
Қайтарылатын сома_________________________________________________
Менің банк шотыма/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына аударуға арналған 
абоненттік нөміріме аударылған әлеуметтік төлемдердің сомасын қайтаруды сұраймын.
Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы) ____________
Телефон ____________________ E-mail _________________________________
Өтініш берушінің қолы ________________________________________________ 
(SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 6 мамыры № 161
бұйрығына 4-қосымша
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік
 сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және
 нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету)
 болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы
 шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері
 олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын
 төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді
 жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Код _______________________
Облыс (қала) _______________
 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның 
______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының 
20____ жылғы «___» ___________ № ___ 
ШЕШІМІ
20__ жылғы «___» ________ бастап 
_______________________________________________________________ 
(сомасы жазбаша) 
төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен 
айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тоқтатылсын. 
Тегі ______________________________________________________________ 
Аты ______________________________________________________________ 
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________ 
Туған күні ________________________________________________________ 
(күні, айы, жылы) 
Негіз: ____________________________________________________________ 
(себебі көрсетілсін) 
Филиал басшысы __________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 
Филиал маманы ___________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 
Шешім жобасын дайындаған: 
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы ________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))