• Мое избранное
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.  
3. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.».
4. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды қаржы құралдарына, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.»;
5. Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:  
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  
6. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысымен бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының, бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның (бұдан әрі - банктер) және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды
2. Нұсқаулықта 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады.  
1) дисконт (жеңілдік) - қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін/шығыстарын құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын теріс айырма сомасы;
2) сыйлықақы - қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің шығыстарын/кірістерін құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын оң айырма сомасы;
3) сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы - сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) сомасын пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып банктің кірістеріне немесе шығыстарына біртіндеп жатқызу.
3. Банктер жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістері қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау банктің есеп саясатында айқындалады.
5. Егер шарттық талаптарға сәйкес аллокирленбеген металл шоттарына орналастырылған тазартылған бағалы металдар (IAS) 32 «Қаржы құралдары: ұсыну» халықаралық қаржылық есептілік стандартында айқындалған қаржы құралдарының анықтамасына сәйкес келген жағдайда, аллокирленбеген металл шоттарына орналастырылған тазартылған бағалы металдармен операциялардың бухгалтерлік есебі (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жүргізіледі.
6. Банктің бухгалтерлік есеп жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде банкішілік транзиттік шоттарды пайдалануға және қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
Шетел валютасының валюталық позициясы және қарсы құны шоттары пайдаланыла отырып, шетел валютасындағы операциялар сомаларын көрсетуге жол беріледі.
Сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі пайдаланыла отырып танылады».
2-тарау. Шетел валютасымен дилингтік операциялардың бухгалтерлік есебі
1-параграф. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілелерін мәміле жасау күні бойынша есепке алу
7. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі жасалған күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
шетел валютасындағы талаптар сомасына және сатып алу бағамы бойынша теңгемен міндеттемелер сомасына:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер ;

бір мезгілде шетел валютасының сатып алу бағамының есептік бағамнан айырмашылығы болған жағдайда туындайтын айырмаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады  
шетел валютасын сатып алу бағамы есептік бағамнан асып кеткен кезде:  

Дт

5530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар

Кт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар ;

есептік бағам шетел валютасын сатып алу бағамынан асып кеткен кезде:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

4530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер .

8. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағаланған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінің теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

5703

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыстар

Кт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар ;

2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінің оң бағамдық айырма сомасына: