Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 961-баптың 3-тармағында:
961-баптың 3-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары;»
961-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) географиялық көрсеткіштер;»
2) 1027-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар белгiсiнiң басымдығы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары, географиялық көрсеткіштер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi.»
3) мынадай редакциядағы 1028-1-баппен толықтырылсын:
«1-1. Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) тіркеу, егер құқық иеленушінің тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) құқықтық қорғау беруге байланысты іс-әрекеттері құқықты теріс пайдалану, оның ішінде басымдық құқығын теріс пайдалану не жосықсыз бәсекелестік деп танылса, құқықтық қорғаудың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде сот тәртібімен толық немесе ішінара жойылуы мүмкін.»;
4) 1031-баптың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркеудің күшін жою «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары, географиялық көрсеткіштер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 56-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Параграф 3. Тауар шығарылатын жердiң атауы және географиялық көрсеткіш»;
6) 1033-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1033-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын және географиялық көрсеткішті құқықтық қорғау талабы
1. Тауар шығарылатын жердiң атауына және географиялық көрсеткішке заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды тiркеудiң негiзiнде құқықтық қорғау берiледi.
Елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің не басқа да географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не қамтитын белгі, сондай-ақ осындай атаудан туындайтын және ерекше қасиеттері негізінен географиялық шығу тегімен, оның ішінде тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгі тауардың шыққан жерiнiң атауы деп танылады.
Географиялық көрсеткіш деп белгілі бір сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты географиялық объектінің аумағынан шығарылатын тауарды сәйкестендіретін көрсеткіш танылады.
Тауар шығарылатын жердiң атауы және географиялық көрсеткіш географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн.
2. Географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе оның атауын беретін, бірақ Қазақстан республикасында тауар әзірленген жерге байланыссыз белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай қолдануға енiп кеткен белгi осы параграфтың ережелерiне сәйкес тауар шығарылатын жердiң атауы және географиялық көрсеткіш деп танылмайды және олар құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатқызылмайды. Алайда бұл мұндай атауды адал пайдаланбаудан құқықтары бұзылған тұлғаны оларды заң актілерінде көзделген өзге де әдістермен, соның iшiнде терiс пиғылды бәсеке туралы ережелердiң негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.
3. Тауар шығарылған жердің атауын және географиялық көрсеткішті құқықтық қорғау оны тіркеген кезде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай беріледі.»;
7) 1034-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1034-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын және географиялық көрсеткішті пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын немесе географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы атауды тауарға, оның қорабына, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және осы тауарды азаматтық айналымға енгiзуге байланысты оны өзге де түрде пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 1-тармағында аталған талаптарға сай келетiн тауарды белгiлеу үшiн тауар шығарылатын жердiң атауын немесе географиялық көрсеткішті бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы немесе географиялық көрсеткішті пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысында болады.
3. Тауар шығарылатын жердiң тiркелген атауымен немесе географиялық көрсеткішпен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлеудi алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға тауар шығарылған жердiң көрсетілген атауы немесе географиялық көрсеткіш тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы одан әрi пайдалану құқығын сақтайды.
4. Тауар шығарылатын жердiң атауын, географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын иелiктен алуға, оларды беру туралы өзге де мәмiлелерге және оны лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.»;
8) 1035-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1035-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын және географиялық көрсеткішті құқықтық қорғаудың қолданылу аясы
1. Қазақстан Республикасында республика аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына және географиялық көрсеткіштерге құқықтық қорғау берiледi.
2. Басқа мемлекеттегi тауар шығарылатын жердiң атауын және географиялық көрсеткішті құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасына берiледi.»;
9) 1036-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1036-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын және географиялық көрсеткішті пайдалану құқығының қолданылу мерзімі
Тауар шығарылған жердiң атауын және географиялық көрсеткішті пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.
Тауар шығарылған жердiң атауын және географиялық көрсеткішті пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша, тауар шығарылған жердiң атауын және географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.»;
10) 1037-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1037-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын және географиялық көрсеткішті құқыққа сыйымсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық
1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын немесе географиялық көрсеткішті пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің немесе географиялық көрсеткішті пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
2. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе географиялық көрсеткішті не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
3. Тауар шығарылған жердiң атауы немесе географиялық көрсеткіш не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар шығарылған жердiң атауын немесе географиялық көрсеткішті не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы.
5. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе немесе географиялық көрсеткішті не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауға міндетті.
6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар шығарылған жердiң атауы немесе географиялық көрсеткіш не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат):