• Мое избранное
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20609 болып тіркелді

Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары:
1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «___» ____________
  • 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 6 мамырдағы
№ 34/қе бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші түрлері үшін бірыңғай тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды:
1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
2) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) лицензиялау рәсімдерін өткізу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның филиалдарына немесе өкілдіктеріне) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) 8-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
4. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша қызметпен айналысу үшін лицензияны беру (бұдан әрі – лицензия) өтініші, ол тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені), лицензия, лицензиялық алым («электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзім ішінде көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің өкілетті тұлғасының электронды қолымен куәландырылған электрондық құжат түрінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауабын береді.
Құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен айқындалған біліктілік талаптарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10473 тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптар) сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыға барумен мыналарды тексеру үшін профилактикалық бақылауды жүзеге асырады:
1) құжаттардың түпнұсқаларын;
2) көрсетілетін қызметті алушының арнайы бөлінген үй-жайларын;
3) ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының жинағы болуын.
Көрсетілетін қызмет алушыға барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті беруші мәлімделген мамандардың біліктілік сынағын тапсыру нәтижесінің негізінде білім деңгейін бағалауды жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында кіші түрін/ қызмет түрінің кіші түрін көрсете отырып лицензияны дайындайды немесе көрсетілетін қызметті алушыны рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала қабылданған шешімді, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негізде лицензияны немесе лицензияны беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жолдайды.
5. Лицензияны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда қаралады:
5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.08.2024 жылғы № 111/қе Бұйрығымен (11.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3 ) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған.
Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш қызмет алушымен лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу барысында көрсетілетін қызмет берушіге Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармағы 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін портал арқылы жолдайды.