• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20674 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (25.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы № 161 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 10.04.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 12.02.2024 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (10.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы № 161 Бұйрығымен (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас прокуратурасының 21.07.2022 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (05.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрықтың 4-1-қосымшасына сәйкес «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 18 мамыры
№ 64 бұйрығына
1-қосымша
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 10.04.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық нысанда, шет елге шығу үшін – қағаз нысанында көрсетіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (25.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттар қоса берілген осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы № 161 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 30.09.2022 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (21.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.
5-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы № 161 Бұйрығымен (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 30.09.2022 жылғы № 196 Бұйрығымен (21.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мәліметтерінің және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанындағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) құжаттарды қабылдаған күні жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін - соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы алу күні және уақытын көрсетумен хабарлама жіберіледі.
Анықтамада сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.
6. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші ААЖ-ға сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 жылғы № 161 Бұйрығымен (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 10.04.2023 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде, сұрау салуға жауап осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында 10 (он) минут ішінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.
Қосымша анықтау тексерісін (процестік шешімді анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу) жүргізген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мерзімде аралық жауап жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының қайтадан жүгінуінің қажеттілігі туралы хабарланады.
Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қағаз нысанында нәтижені ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалына мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес өтініш жасалынған аумағына байланыссыз, тексеру күніндегі жағдай бойынша адамның өтелмеген, алынбаған соттылығы туралы мәліметтері көрсетіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) портал арқылы электрондық нысанда басқа жеке тұлғаға қатысты оның келісімі болған жағдайда көрсетілуі мүмкін.
Үшінші тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда «жеке кабинеттен», сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі (бас тартуы) сұрау салу келіп түскен кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі. Келісім алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ААЖ арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметпен бірге осы бұйрыққа 2-қосымшаға (бұдан әрі – «бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет) сәйкес көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру туралы өтініш портал арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жіберіледі.
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік баж алынады.
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж төлемі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтінім берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қағаз нысанында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін порталда шетел мемлекетінің («бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні, оның ішінде:
соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама дайындау – 5 (бес) жұмыс күні;