• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20676 болып тіркелді

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17414 болып тіркеліп, 2018 жылғы 27 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 19 мамырдағы
 № 41 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1340 бұйрығымен
бекітілген
Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары
1. Осы Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауар таңбаларын, тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеуді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беруді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
3) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
4) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
5) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
7) ТКҚХС – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы;
8) тауар шығарылған жердiң атауы – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі;
9) ИНИД - библиографиялық деректерді сәйкестендіру үшін халықаралық кодтар.
10) Мемлекеттік тізілім - тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімі, жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімі, тауар шығарылған жердің атауларының мемлекеттік тізілімі;
11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
12) «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тауар таңбасын тіркеу туралы шешімі негізінде және тауар таңбасына куәлік беру үшін төлем жасалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда, тауар таңбасы бойынша реттік нөмерімен (бұдан әрі – реттік нөмірі) тіркелген күні туралы (бұдан әрі – тіркелген күні) мәліметтер тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
4. Тауар таңбасын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу кезінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
4) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және оның тұрғылықты мекенжайы;
5) өтінімнің көрсетілетін қызметті берушіге берілген күні және нөмірі;
6) тауар таңбасына тіркелген тауарлар мен қызметтердің тізімі;
7) егер конвенциялық басымдық белгіленген болса, бірінші өтінімнің елі, нөмірі және берілген күні;
9) өкіл туралы мәліметтер (патенттік сенім білдірілген өкіл туралы);
10) куәлікті беру туралы және ресми бюллетеньдегі нөмірі туралы мәліметтерді жариялау күні;
11) тауар таңбасына құқыққа иелік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар таңбасын тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер.
Көрсетілген мәліметтерді енгізу олардың алдында тиісті ИНИД кодын (ДЗМҰ стандарты бойынша) қою арқылы сүйемелденеді және жариялау кезінде пайдаланылады. Елдің коды ДЗМҰ-ның тиісті стандартына сәйкес қойылады.
2-параграф. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбаларын тіркеу
5. Уәкілетті органның белгiлеменi немесе тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану негізінде мемлекеттік тізілімге жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасына реттік нөмір беріле отырып және мәліметтерді енгізу күні көрсетіле отырып, тиісті мәліметтер енгізіледі.
6. Жалпыға бiрдей белгiнi тіркеу кезінде тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне келесі мәліметтер енгізіледі: