«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2030 жылға дейінгі кезеңге «SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «SHYMKENT CITY» АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «SHYMKENT CITY» АЭА туралы ереже;
2) «SHYMKENT CITY» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы ____ № ___ қаулысымен бекітілген
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «SHYMKENT CITY» АЭА) Шымкент қаласының аумақтық шекарасы шегінде, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.
«SHYMKENT CITY» АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 427,0 гектарды құрайды.
2. «SHYMKENT CITY» АЭА:
1) Шымкент қаласын жедел дамыту және құрылысын салу;
2) Шымкент қаласының туристік тартымдылығы мен әлеуетін арттыру мақсаттарында құрылады.
3. «SHYMKENT CITY» АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.
4. «SHYMKENT CITY» АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5. «SHYMKENT CITY» АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық тәртіп белгіленеді.
2. «SHYMKENT CITY» АЭА-ны басқару
6. «SHYMKENT CITY» АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. «SHYMKENT CITY» АЭА-ның аумағында салық салу
7. «SHYMKENT CITY» АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4. Кедендік реттеу
8. «SHYMKENT CITY» АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Шетел азаматтарының «SHYMKENT CITY» АЭА аумағында келу тәртібі
9. «SHYMKENT CITY» АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, кетуі, транзитпен өтуі және болу тәртібі қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
11. «SHYMKENT CITY» АЭА «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
12. «SHYMKENT CITY» АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
13. «SHYMKENT CITY» АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Осы Ережемен реттелмеген «SHYMKENT CITY» АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы шекараларының ЖОСПАРЫ
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «SHYMKENT CITY» АЭА) Шымкент қаласында орналасқан. «SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы - 427,0 га.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы _________ № ___ қаулысымен бекітілген
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
|
Р/с № |
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Базалық кезең ( 20 20 жыл) |
20 2 5 жылға қарай қол жеткізу |
||||
|
Н ысаналы индикаторлар |
||||||||
|
20 2 1 |
20 2 2 |
20 2 3 |
20 2 4 |
20 2 5 |
||||
|
1 |
Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде: |
млрд. теңге |
10 |
23,4 |
41,1 |
56,2 |
81,7 |
101,1 |
|
2 |
Шетелдік инвестициялар көлемі |
млрд. теңге |
4 |
9,4 |
16,4 |
22,5 |
32,7 |
40,5 |
|
3 |
Отандық инвестициялар көлемі |
млрд. теңге |
6 |
14 |
24,6 |
33,7 |
49,0 |
60,7 |
|
4 |
Қатысушылар саны |
компаниялар |
2 |
3 |
4 |
5 |
5 |
6 |
|
5 |
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны |
компаниялар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
7 |
|
6 |
Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны |
адам |
370 |
518 |
725 |
1015 |
1421 |
2000 |
|
Р/с № |
2030 жылға қарай қол жеткізу |
||||
|
Н ысаналы индикаторлар |
|||||
|
2026 |
20 2 7 |
20 2 8 |
20 2 9 |
2030 |
|
|
1 |
123,6 |
148,4 |
176,7 |
208,5 |
212,6 |
|
2 |
49,4 |
59,3 |
70,7 |
83,4 |
85,0 |
|
3 |
74,1 |
89 |
106,0 |
125,1 |
127,6 |
|
4 |
5 |
5 |
6 |
6 |
6 |
|
5 |
3 |
3 |
4 |
4 |
5 |
|
6 |
2250 |
2632 |
3027 |
3490 |
4000 |
Ескертпе: * – индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Ұ. Маминге
«SHYMKENT CITY» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі №26 хаттамалық тапсырмасына сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ, қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Мемлекеттік бюджет шығындары 25 143,7 млн. теңгені құрауы күтілуде. Шымкент қаласының жергілікті бюджет шығындары 542,4 млн. теңгені құрайды.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі
Шымкент қаласында аумақтық орналастырумен «SHYMKENT CITY» АЭА инвестициялық тартымдылығын арттыру. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу кестесіне сәйкес.
6. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында орналастырылған.
11. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат
Жобаның тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысы жоқ.
12. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелері
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов
2020 жылғы «____» ________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |