«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықпен бекітілген
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар мыналарды:
салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын (бұдан әрі – пилоттық жоба);
пилоттық жобаны іске асыру кезінде салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін;
пилоттық жобаның іске асырылуы (енгізілуі) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді;
пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер әрекеттерінің дәйектілігін қамтитын пилоттық жобаны іске асырудың тәртібі мен мерзімін айқындайды.
3. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын аумақтарды, ғимараттарды не өзге объектілерді арнайы бейнебақылау және (немесе) фотоға түсіру құралдарын қолданумен қарап тексеру нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны шолып тексеру болып табылады.
4. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органы ұсынатын штрих-код (QR коды) пайдаланылады.
2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар және олардың құқықтары мен міндеттері
5. Пилоттық жобаның қатысушылары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер (бұдан әрі – салық төлеушілер);
2) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
6. Салық төлеуші:
1) пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан түсіндірме алады;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзушылығын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды дербес жояды;
3) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары анықтаған бұзушылықтарды жояды;
4) мемлекеттік кірістер органдарының талабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді;
5) көтерме-бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушінің деректерін сәйкестендіру үшін объектінің сыртына (сауда үйлердің, жабық базарлардың, дүкендердің, павильондардың аумағында) штрих-кодты (QR-кодты) орналастырады.
7. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік кірістер органдарының шешімі бойынша шолып тексеруге енгізілген салық төлеушіден Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды сұратады;
2) салық төлеушілерге пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша түсіндірмелер ұсынады;
3) салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірмелерді береді;
4) қатаң есептілік бланкісі болып табылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шолып зерттеу актісін жасайды.
3-тарау. Пилоттық жобаны жүргізу қағидалары мен мерзімдері
8. Пилоттық жоба 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер пилоттық жоба басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
1) мемлекеттік кірістер органының порталында (https://kgd.qr.kz) белсенді терезеде жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН/БСН) және бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БKM) тіркеу нөмірін енгізу және «код құру» деген батырманы басу жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алады;
2) штрих-кодты (QR-кодты) сауда объектісінің сыртына (көрінетін жерде) орналастырады.
штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты:
ЖСН/БСН;
салық төлеушінің толық атауын;
салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайын;
алкогольге лицензияның болуы немесе болмауын;
БКМ тіркеу нөмірін;
салық төлеушінің мәртебесін (Қазақстан Республикасының аумағында әрекетсіз, қызметін тоқтата тұру) қамтиды.
10. Шолып тексеру мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебінің болуы;
2) БКМ болуы;
3) «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес БКМ қолдану тәртібін сақтау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16508 болып тіркелген);
4) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
11. Шолып тексеруді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының шолып тексеруді жүргізу туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік кірістер органының шешім шығаруы үшін мынадай өлшемдердің бірі:
1) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеу есебінің болмауы;
2) БКМ, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу орнынан басқа жерде пайдалану туралы мәліметтердің болуы;
3) сауда-сатып алу қызметін жүзеге асыру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) кез келген алдыңғы дәйекті салық кезеңдері үшін салық есептілігінде көрсетілген табыстардың бірдей сомаларын көрсетуі;
4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ бір жұмыс күні ішінде дәйекті төмен пайдалану туралы мәліметтердің болуы;
5) шағымның болуы, оның ішінде әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар (Whats app, Facebook, Wipon және басқалар) арқылы, сондай-ақ электрондық шағым кітабы арқылы шағымның болуы;
6) бұрын шолып тексерулі жүргізуде анықталған бұзушылықтардың жойылмауы;
7) БКМ қолдануды сақтамау бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар туралы куәландыратын мәліметтердің болуы;
8) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы (салық төлеушінің осындай жабдықты (құрылғыны) орнату міндеті болған кезде);
9) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның болуы негіз болып табылады.
Бұл ретте шолып тексеруді Шешімнің осы тармағында көрсетілген бірнеше мәселе бойынша бір мезгілде жүргізілуі мүмкін.
13. Шолып тексеруді жүргізу туралы шешімде:
шолып тексеруді жүргізу аумақтары;
шолып тексеруді жүргізу мәселесі (мәселелері);
шолып тексеруді жүргізу жөніндегі міндет жүктелген лауазымды адамдар;
шолып тексеруді жүргізу мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
14. Шолып тексеруді жүргізу туралы шешім, шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайтына қойылады.
15. Шолып тексеру жұмыс уақытында, сондай-ақ салық төлеуші объектісінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізіледі.
16. Бұзушылықтарды тіркеу арнайы бейнебақылау және (немесе) фототіркеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
Шағым беру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтар туралы ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің жауапты лауазымды адамына жүктеледі.
17. Шолып тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары шолып тексеру барысында алынған мәліметтердің осы Қағидаланың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шолып тексеру актісінде толық көрсетілуін қамтамасыз етеді, онда мыналар:
жасалған орны, күні және уақыты;
актіні жасаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
мемлекеттік кірістер органының атауы;
салық төлеушінің (салық агентінің) атауы;
шолып тексеру нәтижелері туралы ақпараттар көрсетіледі.
18. Пилоттық жоба барысында әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін фактілер анықталған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады.
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдеріне (пилоттық жоба) 1-қосымша
нысаны
20__жылғы «__» __________ (шешім қабылданған күн)
Шолып тексеруді жүргізу туралы №___ шешім
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес
1. ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, мемлекеттік кірістер органының атауы)
_______________________________________________________
шолып тексеруді жүргізуге тарту.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы _________________ __________________________________________________________________
(тексерілетін субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
3. Жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________ __________________________________________________________________
4. Шолып тексеруді жүргізу мекенжайы __________________________
(объектінің орналасқан мекенжайы)
_____________________________________________________________
5. Мемлекеттік кірістер органының шешімін шығаруы үшін:
1) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеу есебінің болмауы;
2) бақылау-касса машиналарының болмауы (бұдан әрі - БКМ), сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу орнынан басқа жерде пайдалану туралы мәліметтердің болуы;
3) сауда-сатып алу қызметін жүзеге асыру кезінде салық төлеушінің кез келген алдыңғы қатарынан салық кезеңдері үшін салық есептілігінде көрсетілген табыстардың бірдей сомаларын көрсетуі;
4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ бір жұмыс күні ішінде қатарынан төмен пайдалану туралы мәліметтердің болуы;
5) шағымның болуы, оның ішінде әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар (Whats app, Facebook, Wipon және басқалар) арқылы, сондай-ақ электрондық шағым кітабы арқылы шағымның болуы;
6) бұрын шолып тексеру жүргізуде анықталған бұзушылықтардың жойылмауы;
7) БКМ қолдануды сақтамау бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар туралы куәландыратын мәліметтердің болуы;
8) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы (салық төлеушінің осындай жабдықты (құрылғыны) орнату міндеті болған кезде);
9) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның болуы негіз болып табылады.
Бұл ретте шолып тексеру Шешімнің осы тармағында көрсетілген бірнеше мәселе бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
6. Шолып тексеруді жүргізу мерзімі – уәкілетті орган шешім шығарған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Басшы
___________________________ _________ _______________________
Мемлекеттік кірістер органының атауы (қол қою орны) (тегі және аты-жөні)
Салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қағидалары мен мерзімдеріне (пилоттық жоба) 2-қосымша
Нысан
№___ шолып тексеру актісі
2020 жылғы «____» ________ __________ қаласы
Мен (біз), ________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Тексеру жүргізілді ________________________________________________
(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның атауы, жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
(орналасқан жерініӊ мекен-жайы)
__________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан.
Анықталды:
Шолып тексеру жүргізу барысында ________________________
_____________________________________________________________
(базар, сауда үйі, дүкен және өзге де объект)
бұзушылықтар жоқ:
Мынадай бұзушылықтар анықталды: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Шолып тексеру актісіне қосымша жазба ___ дискіде (лерге).
Осы актіні жасады:
2020 жылғы «____» ___________.
______________________ _____________ ____________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
________________________________ ___________________ ________________________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |